6385

Астаналық ата-аналарды қандай мәселелер толғандырады

Астана қаласының білім басқармасы жыл сайынғы азаматтарды қабылдау күнін өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қоғамдық қабылдау М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында өтті. Онда ата-аналарды білім басқармасының басшысы Ануар Жангозин және орынбасарлары мен барлық бөлім басшылары қабылдады.

Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтар бойынша кеңес алды. Ең көп сұрақ қосымша білім беру бөлімінің мамандарына қойылды. Сондай-ақ, ата-аналарды кәмелетке толмағандарды әлеуметтендіру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері қызықтырды.

«Ашық есік күні» форматындағы кездесулер өткен жылы басталған болатын. Шара мақсаты - елордалық білім беру жүйесін жетілдіруге ықпал ететін өзекті сұрақтар мен мәселелерді шешу арқылы басқарма мен қоғам арасында «сындарлы диалог» құрып, өзара байланыс орнату және өзекті сұрақтарға жауап беру.

«Кездесуге келе алмағандар өз сұрақтарын әлеуметтік желілер арқылы жолдады», деді білім басқармасының стратегия және сандық технологияларды талдау бөлімінің басшысы Жазира Асанова.

Одан бөлек, мектепке қабылдану үшін қандай құжаттар керектігі, жол жүру жеңілдігі, көпбалалы отбасыларға қандай жеңілдіктер қарастырылғаны жайлы қосымша ақпараттар жазылған парақшалар таратылды. Осы жерде қосымша ақпарат алу үшін білім басқармасы мамандарының телефондары да көрсетілген.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109