6961

«Сарыарқа» ауданының жеке секторында улы газ бен түтін датчиктерін орнату жұмыстары басталды

«Сарыарқа» ауданы әкімдігінің Көктал 1, Көктал 2 тұрғын үй массивтерінде  улы газ бен түтін датчиктерін орнату бастамасын Astana Джентльмендер клубының еріктілері қолдады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Сарыарқа» ауданы көтерген бастаманы естіген соң Джентльмендер клубы ол шарадан шет қала алмады. Біз улы газ бен түтін датчиктерінің екі түрін алуға ақша жинадық. Біріншісі ол төбеге орнатылады, ал екіншісі үйдегі улы газдың мөлшеріне әрекет етеді. Ол адамның қолы жететін жерге орнатылады да тоққа қыстырылады. «Сарыарқа» ауданы әкімдігінде осы датчиктерді орнататын арнайы техникалық топ бар. Құрылғы Көктал 1, Көктал 2 тұрғын үй массивтерінде тұратын көп балалы отбасылар мен ауданның жеке меншік секторындағы әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың үйлеріне орнатылуда»,– деді Джентльмендер клубының өкілі Арман Қашқынбеков.

Алғашқы датчик өткенде өртенген үйдің ауласындағы екінші үйге орнатылды. Әзірге жиналған қаражат осындай құрылғыны 10 үйге орнатуға жетеді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.

Еріктілер болашақта Агроқалашық және сол маңдағы жер үйлерді қамтуды көздеп отыр. Қазір аудандық ТЖ басқармасы, ЖПҚ және еріктілер қатарынан жеке сектордың үйлерін аралап шығу үшін мобильді топтар құрылды. Пештердің өрт қауіпсіздігіне сәйкестігін бірлесіп тексеру және түтін жолдарын тазалауға көмек көрсету жүргізілуде, ол үшін топтарға тиісті мамандар тартылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109