8565

Аз қамтылған және толық емес отбасыға мемлекеттен қандай қолдау бар

Бүгінде еліміздегі аз қамтылған және толық емес отбасылар мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етілген. 

Толық емес отбасы ретінде жесір әйел, ажырасқан және жалғыз басты аналар есептеледі.

Бірінші кезекте бала туғанда 95 950 теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы беріледі. Отбасында 4-ші және одан кейінгі бала дүниеге келгенде 159 075 теңге біржолғы жәрдемақы төленеді.

Одан бөлек, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша:

1-балаға – 14 544 теңге,

2-балаға – 17 196 теңге,

3-балаға - 19 822 теңге,

4-балаға – 22 473 теңге көлеміндегі жәрдемақы қарастырылған.

Сондай-ақ, аталған санаттағы отбасы үшін ай сайын жанұядағы адам басына 15 498 теңге әлеуметтік қолдау төлемі беріледі және «Толық емес отбасы» санаты бойынша баспана кезегіне тұру мүмкіндігі бар.

Одан бөлек, асыраушысынан айырылған жағдайда арнайы жәрдемақымен қамтылады.

Жанұясында еңбекке жарамсыз 1 адамы бар жұмыссыз анаға баласы 8 жасқа толғанша 25 541 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді. Егер отбасында 2 адам еңбекке жарамсыз болса - 44 251 теңге, 3 адам болса - 54 942 теңге, 4 адам болса - 58 209 теңге, 5 адам болса - 60 287 теңге, 6 және одан да көп болған жағдайда 62 663 теңге беріледі.

Сонымен қатар, «Алтын алқа» иесіне (7 және одан да көп бала) - 16 160 теңге, «Күміс алқа» иесіне (6 бала) - 16 160 теңге және 4-5 баласы бар анаға 10 504 теңге (01.01.2018 жылға дейін рәсемделген жағдайда) көлемінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109