6974

Қазақстанда көпбалалы аналарға қандай көмек көрсетіледі

Көпбалалы аналарға бала дүниеге келгенде берілетін біржолғы жөргекпұлдан бөлек, әр балаға ай сайын жәрдемақы төленеді. 

Алдымен бала 1 жасқа толамын дегенше оның күтіміне егер отбасында 4 және одан да көп бала болған жағдайда ай сайын 22 473 теңге жәрдемақымен қамтылады. 

Сонымен қатар, 4-ші және одан кейінгі бала туылғанда 159 075 теңге біржолғы жөргекпұл беріледі.

Одан бөлек, «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша баспана кезегіне тұруға және тұрғын үйді меншіктеу үшін ай сайын орташа есеппен 4 мың теңгеге дейін төлем төленеді.

Сондай-ақ, «Алтын алқа» таққан анаға (7 және одан да көп бала) - 16 160 теңге, «Күміс алқа» иесіне (6 бала) - 16 160 теңге және 4-5 баласы бар анаға 10 504 теңге (01.01.2018 жылға дейін рәсемделген жағдайда) көлемінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні) мерекесіне орай 2,5 АЕК яғни 6313 теңге сомасында біржолғы ақшалай төлем қарастырылған. Бұнымен қоса, көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға 92 991 теңге көлемінде оқу ақысын төлеуге қаржылай қолдау бар.

Еске салсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет жанынан азаматтардың өмір сүру сапасын арттырумен, сондай-ақ көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын пысықтаумен айналысатын арнайы жұмыс тобы құрылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109