1582

Астана Опера» театрында «Евгений Онегин» операсының премьерасы өтті

Операны итальяндық қоюшы режиссер Давиде Ливермор сахналады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Евгений Онегин» операсындағы итальяндық қоюшы режиссер Давиде Ливермордың бірегей тұжырымдамасы, қоюшы дирижер Алан Бөрібаевтың мінсіз жұмысы, сондай-ақ солистер, симфониялық оркестр, хор, балет әртістері мен балалар студиясының жас әртістерінің тамаша өнері 8 және 9 ақпанда «Астана Опера» сахнасында күшті әсер туғызып, зор жетістікке жетті.

Танымал итальяндық қоюшы режиссер Давиде Ливермордың есімі афишада кездейсоқ емес. Оны әлемнің үздік театрлары шақыруда, мысалы, ол өзінің «Аттила» қойылымымен әйгілі Ла Скаланың театрлық маусымын ашқан. Өзінің жаңа жұмысы – «Евгений Онегин» операсымен ол «Астана Опера» көрерменіне де елеулі әсер ете алды.

А.С.Пушкин мен П.И.Чайковский бейнесін жасаған жас Татьяна (Айгүл Ниязова, Галина Чеплакова) көрерменді өзінің жастық шағына жетеледі, өзінің Евгенийін (Алексей Исаев, Талғат Мұсабаев) қайта кездестірді, және Герминнің (Барсег Туманян, Михаил Гужов) адал жары болып қалу туралы қайта шешім қабылдады. Әртістер вокалдың жеңілдігін, тазалығын көрсетті, олардың әрқайсысы өзінің партияларына вокалдық жағынан да, актерлік жағынан да үлкен жауапкершілікпен қараған. Алғыр, пысық, ерке, назды сіңлісі Ольганың бейнесін Дина Хамзина мен Татьяна Вицинская тамаша орындаған.

Давиде Ливермордың қойылымдары символизмді жиі пайдаланумен ерекшеленетіні белгілі. Бұл спектакль де солардың қатарына кірді. Мысалға алатын болсақ, басты кейіпкердің барлық естеліктерін жадында сақтап, олардың қайта оралуына мүмкіндік берген өмір ағашы негізгі символ болды.

Қойылым жануарларсыз өтпеді: сахнада аттар жегілген қара күйме пайда болды, онда әзірге екі дос – Онегин мен Ленский отыр. Онегин (Алексей Исаев, Талғат Мұсабаев) мен Ленскийдің (Жан Тапин, Медет Чотабаев) орындауы әсемдік пен бекзаттыққа толы болды. Вокалистер дуэль көрінісінде драматизмді керемет көрсете алды. Айта кетер болсақ, револьверден тарс етіп оқ атылып, ұшқын шықты, сахналық көрініс өте шынайы көрінді және қар үстінде қалған өлі Ленский бейнесі көрерменнің аяныш сезімін тудырды.

Қойылымдағы ең жарқын көріністердің бірі Греминнің балы болды. Бұл ретте костюмдер бойынша суретшілер Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгуновтың еңбегін ерекше атап өткен жөн.  Олар сол дәуірдің стилін тамаша жеткізе білген. Көк көйлек киген кербез әйелдер фрактағы ерлермен өте үйлесімді көрінді. Адам нанғысыз өлшемдердегі хрустальды аспалы шам тұтас көріністі толықтырып тұрды. Мұны бірегей сценография деп нық сеніммен айтуға болады, осындай әсемдікті әлемнің ешбір сахнасынан кездестіру мүмкін емес.

Нұрлыбек Қосбармақов, Шыңғыс Расылхан (Рота бастығы), Ержан Саипов, Жанат Шыбықбаев (Зарецкий), Бейімбет Таңарықов, Рамзат Балакишиев (Трике) өз партияларын керемет орындап шықты.

Кез келген операдағыдай, музыка басымдыққа ие. Қоюшы режиссер Алан Бөрібаев П.Чайковскийдің күрделі музыкасының нәзіктікке толы өзгешеліктерін жеткізе білді. Маэстро Ленский пайда болған сәттерде оркестрдің пәрменін күшейте түсті, себебі ол қызуқанды мінезге ие, ал арсыз әрі қатыгез Онегин шыққан кезде оркестрдің әуенін суыта түсті. Музыканттардың ойнауынан кейіпкерлердің мұңы да, жағымды естеліктері де, ой-толғаныстары да естіліп тұрды. Оркестрдің орындауындағы Ленскийдің өлім алдындағы ариясының әуені жан түршіктірді.

«Премьера ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтті. Жалпы, спектакль бейнелі, ауқымды, нанымды әрі қызықты болып шықты. Залда «Бәрекелді!» деген дауыстар ұзақ уақытқа дейін тыншымады. Құрметті қонақтар арасында – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев,  мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, музыка сыншылары мен өнер саласындағы танымал тұлғалар бой көрсетті. Спектакльдің премьерасына Ресей Үлкен театрының бас директоры Владимир Урин арнайы ұшып келді», – деп хабарлады «Астана Опера» театрының баспасөз қызметінде.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109