1695

Өрттен зардап шеккен балалар ауруханадан ертең шығады

Ойыл көшесіндегі жатақханада орын алған өрт салдарынан зардап шеккен балалардың жағдайы туралы қалалық №2 балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмаилов мәлім етті.

«Сенбіден жексенбіге қараған түні, 9 ақпанда жедел жәрдем бригадасы аурухананың қабылдау бөліміне 2006, 2009, 2012 және 2013 жылы туған ағайынды балаларды жеткізді. Өрт шыққан кезде олар жатақхана бөлмелерінің бірінде болған. Қабылдау бөлімінде балаларды педиатор, реаниматолог, травматолог сияқты дәрігерлер қарады. Абырой болғанда, балалардың денесін күйік шалмаған, олар тек иісті газдан уланған», - деп мәлімдеді балалар ауруханасының бас дәрігері.

Біржан Досмаиловтың айтуына қарағанда, ауруханаға түскенде балалардың жағдайы орташа болатын. Олардың өмірлік маңызы бар ағзаларына зақым тимеген. Ауруханада олар интоксикациялық синдромнан арылуға көмектесетін симптоматикалық және патогенетикалық ем қабылдады.

Балалардың жағдайы тұрақтанған соң ағайындылардың екеуін анасы үйіне алып кетсе, қалған екеуі әлі де ауруханада.

«Олардың жағдайы жақсарды. Ешқандай асқыну жоқ. Ертең немесе одан келесі күні балалар үйіне оралатын болады», - деді бас дәрігер.

Еске салайық, 9 ақпанда сағат 21:12-де Астананың ТЖД-нің 101 пультіне Байқоңыр ауданына тықарас Ойыл көшесіндегі екі қабатты жатақханада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Жалын ауданы 10 шаршы метр болатын жерді шарпыған. Өрт сағат 21:52-де ауыздықталып, сағат 22:16-да толықтай өшірілді. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 15 адамы мен техниканың 4 бірлігі жұмылдырылды. Алдын ала болжамдарға сәйкес, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109