9649

Астана әкімі орынбасарларының есептік кездесулері басталды

Қала тұрғындарымен есептік кездесулер 11-15 ақпан аралығында өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімі орынбасарларының қала тұрғындарымен есептік кездесу кестесі бекітілді.

11 ақпанда сағат 15:00-де «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының ғимаратында (Тәуелсіздік даңғылы, 3) елорда тұрғындары қала әкімінің орынбасары Асқар Амриннің есептік кездесуіне қатысып, жер учаскелерін беру, коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер беру, мемлекеттік органдармен Мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша өз сұрақтарын қоя алады.  

12 ақпанда сағат 10:00-де «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының ғимаратында (Тәуелсіздік даңғылы, 3) қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова елорда тұрғындарының инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, білім беру, қызметтерді цифрландыру, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету, үй-жайларды жалдауға ұсынуға қатысты сұрақтарына жауап береді.

13 ақпанда сағат 10:00-де «Астана» концерт залында (Бейбітшілік к-сі, 1) халық алдында қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов есеп береді. Ол инфрақұрылымды дамыту, су тасқыны, экология, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету, авариялық ажырату бойынша сұрақтарға жауап береді.

14 ақпанда сағат 10:00-де «Астана» концерт залында (Бейбітшілік к-сі, 1) Астана қаласының құрылыс және тұрғын үй саясаты, көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, қалалық ортаны регенерациялау басқармаларының бірінші басшыларына үлестік құрылыс, жолаушылар көлігі, құрылыс нысандарының сапасы, ескі және апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу, ПИК, лифтілердің жағдайы бойынша сұрақтар қоюға болады.

15 ақпанда сағат 15:00-де «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының ғимаратында (Тәуелсіздік даңғылы, 3) тұрғындармен елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев кездеседі. Кездесу барысында ол денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, жастар саясаты, дін салаларына қатысты сұрақтарға жауап береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109