4016

Аз қамтылған тұрғындардың үйлерінде газ және түтін датчиктері орнатылады

«Байқоңыр», «Сарыарқа» аудандарында улы газ пен түтін әсерінен дабыл қағатын құрылғыларды орнату жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Байқоңыр» ауданында пешпен жылытылатын жеке үйлер мен жертөлелерде улы газдың әсерінен дабыл қағатын құрылғыларды орнату жұмыстары жүріп жатыр. Осылайша, 70-ке жуық аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды қамту жоспарланған.  Ал жалғыз басты қариялар тұратын 30 үйде пешті тазарту жұмыстары жүгізілді. «Сарыарқа» ауданында халықтың әлеуметтік осал топтары және көп балалы отбасылар тұратын үйлерге 500 улы газ датчигі мен 500 түтін датчигін орнатылады деп жоспарлануда. Жалпы алғанда, мұндай құрылғылар 500-ден астам үйде орнатылмақ. Қазір аудандық ТЖ басқармасы, ЖПҚ және еріктілер қатарынан жеке секторларындағы үйлерін аралап шығу үшін мобильді топтар құрылды.

Одан бөлек, ауданның жеке кәсіпкерлерінің көмегімен аз қамтылған отбасылар тұратын үйлердің пештерін тексеріп, керек жағдайда пешті жөндейтін мамандары бар топтар құрылған. Олар пеште ақаулық байқаса жөндеп, құбырларын тазартып береді.

Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Еркін Отарғалымұлының айтуына қарағанда, аталмыш шаралар «Әр үйге қауіпсіздік» науқаны аясында өткізілуде.

«Өрттің алдын алу мақсатында елорданың жеке тұрғын үй секторларында түсіндірме жұмыстары жылыту маусымы басталысымен жүргізіледі. Қалада орын алған қайғылы жағдайға байланысты бұл бағыттағы жұмыс күшейтілген. Өткен сенбі мен жексенбі күндері Астана қаласы ТЖД-нің толық құрамы жер үйлерді аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді, жадынамалар таратылды. Одан бөлек, улы газ бен түтін әсерінен дабыл қағатын құрылғыларды орнату жұмыстары жүріп жатыр», – деді басқарма басшысы.

Еркін Отарғалымұлының айтуынша, құрылғылар демеушілер есебінен орнатылуда.

«Датчиктер улы газдың, ыстың мөлшерден жорағы екендігін анықтайды. Оны болдырмау үшін жылыту маусымы басталмас бұрын және екі ай сайын пештің құдықтарын және мұржасын күлден тазалаған жөн. Әзірге заңды тұрғыда мемлекеттік органдардың бұл жұмысты жүргізуге негізі жоқ. Бұл жұмыстар қауіпсіздік мақсатында жүргізіледі. Өкінішке орай, бізде осы жұмыстарды біреудің атқарып бергінін күтіп отыратындар бар. Біз тағы да тұрғындарды өз үйінің, мүлкінің қауіпсіздігі үшін осы жұмыстарды атқаруға шақырамыз. Егер сұрақтарыңыз болса, азаматтық қорғаныстың аумақтық бөлімшесіне хабарласып, маманның кеңесін ала аласыз», деді Е. Отарғалымұлы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109