3450

Астана әкімінің орынбасары Асқар Амрин халыққа есеп беру кездесуін өткізді

Бүгін «Нұр Отан» партиясы ғимаратында қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин халыққа есеп беру кездесуін өткізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Тұрғындарға есеп беру кездесуі сағат 15:00-де басталып, жеке қабылдау форматында өтті. Елорда тұрғындары жер учаскелерін беру, коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер беру, мемлекеттік органдармен Мемлекеттік сатып алуды өткізуге қатысты өз сұрақтарын қойды.  

Шараға келген әр тұрғын жеке-жеке қабылданып, өзінің мәселесі бойынша тиісті жауап пен түсіндірме ала алды. Мәселенің көпшілігі сол жерде шешімін тауып жатты. Барлық өтініш-арыздарға байланысты тиісті органдар жұмыстар жүргізетін болады.   

Кездесуге екі жүзден астам адам қатысты, олардың барлығы өзің алаңдатқан сұрақтары бойынша және тұрғын үй, жер телімдері бойынша кеңес ала алды.

Еске сала кетейік, ертең қала тұрғындарымен елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова кездеседі. Ол инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, қызметтерді цифрландыруға қатысты сұрақтарға жауап береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109