1698

Астанада жыл сайынғы Универсиада өтеді

Универсиада «Жастар жылы» аясында өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ертең Назарбаев Университетінде Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы мен Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының ұйымдастыруымен жыл сайынғы Универсиада өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Универсиада «Жастар жылы» аясында Астана қаласының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өтеді.

«Қалалық Универсиада жарыстарының қатысушылары  спорттың 18 түрінен сынға түседі. Олар; волейбол (ерлер), тоғызқұмалақ, шахмат, шаңғы жарысы, қысқы Президенттік көпсайыс, асық ату, волейбол (Қыздар), шорт-трек, шағын футбол (Қыздар), гір тасын көтеру, қазақ күресі, қол күресі, шағын-футбол (Ұлдар), жазғы Президенттік көпсайыс, жеңіл жүгіріс эстафетасы, стритбол (Ұлдар), стритбол (Қыздар) және үстел теннисі», деп хабарладымәдениет және спорт басқармасы.

Алдағы жарысқа Астана қаласының жоғары оқу орындарының спорттық дайындығы бар және медициналық тексерістен өткен, дене тәрбиесі құрама командаларының ұжымдары (студенттер және магистранттар) жіберіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, кубоктармен және сыйлықтармен марапатталады. Командалық спорт түрінде (стритбол, волейбол, шағын футбол қыздар және ұлдар) Ойыншылар: «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» 3 (үш) номинациясы бойынша құнды сыйлықтармен марапатталады.

Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту; Республикалық және қалааралық жарыстарға қатысу үшін талантты жас спортшыларды қаланың құрама командасына іріктеу; Астана қаласында бұқаралық спортты насихаттау; «2019 жыл - Жастар жылы» бағдарламасын жүзеге асыру.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109