1334

Полиция бір пәтерден үш теледидар ұрлаған ұрыларды ұстады

Күдіктілер ұрланған теледидарларды өткізіп үлгерген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Полицияға қала тұрғыны пәтер ұрлығы туралы арызбен жүгінген, белгісіз адамдар есікті қысып майыстыру арқылы оның пәтеріне кіріп, 3 теледидарын жымқырған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Астана қаласы «Есіл» ауданының Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Астана-Қостанай тасжолында қаладан шығып бара жатқан кезде автокөлікпен жасырынбақшы болған екі күдіктіні ұстаған. 28 жастағы ұсталған екі адам Қостанай облысының тұрғыны болып шықты, бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған.

«Күдіктілер өткізіп үлгерген ұрланған теледидарлар табылып, иесіне қайтарылды. Сондай-ақ бұрын ұсталғандардың түнгі уақытта азық-түлік дүкеніне кіріп, банктің төлем терминалын бұзып ақша қаражатын жымқырғандары анықталды», деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Барлық ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (ұрлық). бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталғандардың елорда аумағында және өзге де өңірлерде бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109