1296

А35 жастар жобасына кастинг жарияланды

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасынан таланттарды іздейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

А35 жобасы елордада арнайы орта білім алатын жастарға арналған. «А» әрпі атауындағы «Астана» дегенді білдіреді, ал 35 – қаладағы колледждердің саны», – деп түсіндірді жобаның кураторы, «Астана жастары» КММ ұйымдастыру бөлімінің маманы Арайлым Сапарәлиева.

Жоғары оқу орындарының студенттері үшін А14 жобасы да бар.

Кастинг 16 және 17 ақпанда сағат 11:00-де «Жастар» сарайында өтеді. Барлық 35 арнаулы орта оқу орындарының студенттері шақырылды. Студенттердің кастингінде «ситуациялық кейс-тапсырмалар» күтіп тұр.
«Біз командаға жетекші, дизайнерлер мен сценаристерді жинауды жоспарлап отырмыз. Ең белсенді студенттер көктемде өткізуді жоспарлап отырған А14 және А35 студенттері арасындағы сұлулық байқауы, сондай-ақ дебаттар, қала студенттерінің футбол лигасы, КВН лигасы және т.б. жобаларды жүзеге асыруға атсалысады», – деді жоба жетекшісі.

Арайлым Сапарәлиеваның айтуынша, бұл жұмыс еріктілік болады. Жобада қамтылған студенттер өздерінің идеялары мен жобаларын «Астана жастары» қолдауымен іске асырмақ.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109