1075

Астанада «Әр үйге қауіпсіздік» науқаны жалғасып жатыр

«Сарыарқа» ауданында халықтың әлеуметтік осал топтары және көп балалы отбасылар тұратын үйлерде 500 улы газ датчигі мен 500 түтін датчигі орнатылады деп жоспарлануда. Жалпы алғанда, мұндай құрылғылар 500-ден астам үйде орнатылмақ, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  

Қазіргі уақытта «Сарыарқа» ауданыңда аудандық ТЖ басқармасы, ЖПҚ және еріктілер қатарынан жеке сектордағы үйлерді аралап шығу үшін мобильді топтар құрылды.

«Өрттің алдын алу мақсатында елорданың жеке тұрғын үй секторларында түсіндірме жұмыстары жылыту маусымы басталысымен жүргізіледі. Аудан әкімдігі мен ТЖ қызметі осы бағыттағы жұмысты күшейткен. Одан бөлек, қазіргі кезде әлеуметтік осал топтар және көпбалалы отбасылар тұратын үйлерде улы газ бен түтін әсерінен дабыл қағатын құрылғыларды орнату жұмыстары жүріп жатыр», – деді «Сарыарқа» ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Қуаныш Тоқсарин.

Одан бөлек, ауданның жеке кәсіпкерлерінің көмегімен аз қамтылған отбасылар тұратын үйлердің пештерін тексеріп, керек жағдайда пешті жөндейтін мамандардан тұратын топтар құрылған. Олар пеште ақаулық байқаса, жөндеп, пеш құдықтары мен мұржасын тазартып береді.

Қуаныш Тоқсариннің айтуынша, құрылғылар демеушілер есебінен орнатылуда. Олар түтінге және улы газға әсер етеді.

«Арнайы дабылды ұйықтап жатқан адам да естиді. Дабылды естісімен тұрғындар дереу құжаттарын жинап, құтқарушыларды шақыра алды. Құрылғының кепілдік мерзімі 5 жылды құрайды.  Оны пештен және қызу беретін құрылғылардан алшақ орнату керек. Құрылғыны мүмкіндігінше төбеге, қабырғаға орнатқан жөн. Арнайы индикатордың көмегімен тұрғындар қуаттағышты өздері уақыты ауыстыра алады», – деді Қ.Тоқсарин.

                                                                                                                                        

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109