3693

Бақыт Сұлтанов елорда тұрғындары үшін «Ашық есік» апталығын өткізуді тапсырды

Аудан әкімдері көпбалалы отбасыларға көмек көрсету бойынша өткен аптада атқарылған жұмыстар туралы есеп берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өткен аптада елорданың барлық төрт ауданының әкімдері жергілікті биліктің қолдауын қажет ететін көпбалалы отбасылармен кездесу өткізді.

Алматы Ауданы

Қазіргі уақытта мұнда 4 543 көпбалалы ана тұрады, олардың 49-ы атаулы әлеуметтік көмек алады. Аудан әкімінің аппаратына 8-11 ақпан аралығындағы  мемлекеттік органдарды қабылдауға 73 азамат келді, оның ішінде жоғарыда көрсетілген тізімнің 38-і. Жақын арада әкімдік қызметкерлері 28 көпбалалы отбасына барады.

Жүргізілген мониторингке сәйкес келушілердің 85%-дан астамы тұрғын үй беруге қатысты сұрақтармен жүгінді.

«Барлық сұрақтар бойынша түсініктемелер мен ұсыныстар берілді. Көмекке мұқтаж азаматтар есепке алынды», – деп атап өтті аудан әкімі Әділбек Сәрсембаев.

Байқоңыр ауданы          

Көп балалы отбасылар санатынан азаматтарды қабылдау нәтижелері бойынша бір апта ішінде төмендегідей көмек көрсетіледі: азық-түлік – 16 отбасыға берілді; 8 отбасы қатты отынмен қамтамасыз етілді, әр отбасыға 2 текше метр отын жеткізілді.

Сонымен қатар, көпбалалы отбасылардан шыққан 22 балаға.

«Екі отбасы жеке құрылыстарда өрт қауіптілігін хабарлау дабылын орнатуға ниет білдірді. Жеті бала «Жастар жылын» жариялау аясында тегін негізде жеке балабақшаларда оқитын болады. 24 отбасы көмек алады», – деді аудан әкімі Ерлан Каналимов.

Есіл ауданы

Аудан әкімі Төлеген Закарьяновтың айтуынша, аппарат қызметкерлерімен ұсынылған тізімдер саны – 25 адам.

«Негізінен, азаматтарды тұрғын үй алу, әлеуметтік көмір алу, жәрдемақы мөлшерін арттыру, мектептерде тегін тамақтану, қоғамдық көлікте балаларға жеңілдік жол жүру билеттерін беру, тұрғын үйді алу кезінде тіркеу және демеушілік көмек көрсету мәселелері алаңдатты. Азаматтарға өздерін толғандырған мәселелер бойынша заңнама түсіндірілді», – деді Т.Закарьянов.

Сарыарқа ауданы

«8 ақпаннан біз көпбалалы отбасыларды қабылдауды бастадық. Барлығына қоңырау шалып, қабылдауға шақырдық. Қабылдауға 127 адам келді. Тізім бойынша 74 ата-ана келді. 12 адам осы іс-шараға қатысудан бас тартты. Тізімнен тыс қабылдауға 53 адам келді. Барлық сұрақтар бойынша қажетті ақпарат беріліп, мәселелерді шешу жолдары көрсетілді», – деді аудан әкімі Арман Тұрлыбек.

Қабылдау барысында 286 өтініш келіп түсті, түскен сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үй беруге қатысты болды.

«Осы 2-3 күн ішінде 14 отбасыға тегін көмір жеткізілсе, 30 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді (азық-түлік себеті 10 түрден тұрады). Барлығына көмек көрсетеміз», – деді аудан әкімі

Аудан әкімдерінің баяндамаларын тыңдай отырып, Бақыт Сұлтанов олардың көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуі жөніндегі жұмысына оң баға беріп, бұл мәселені тиімді шешу керектігін атап өтті.

«Барлық азаматтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша өтініш білдіруі үшін аудан әкімдеріне уәкілетті органдармен бірлесіп, «Ашық есік» аптасын жариялауды тапсырамын. Бірде-бір мәселе әкімдіктің назарынан тыс қалмауы керек, осындай отбасыларға көмек көрсету керек», – деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109