2781

Мемлекет азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын дамытатын болады

Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау – мемлекетіміздің басым міндеті, мұндай отбасыларға көмек еліміздің әр мектебінде көрсетіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

№ 59 мектеп-лицейінің директоры, қалалық мәслихат депутаты Зауре Жүсіпова, аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларға материалдық көмек көрсетілетінін атап өтті. Оның ішінде жалпы білім беру қорынан тамақтануға ақша бөлінеді.

«Біздің мектепте осындай екі бала бар. Біз оларды мектеп бюджеті есебінен тегін тамақпен толық қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар, «мектепке барамыз» акциясы аясында кеңсе заттарын, мектеп және спорттық киім, аяқ киім сатып аламыз.

«Әрбір мектеп аз қамтылған отбасы балаларына, жетім балаларға міндетті түрде көмек көрсетеді. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы, кәсіпкерлер, елорда кәсіпорындары демеушілік көмек көрсетуде. Балалар мемлекетпен қорғалған, қоғам оларға немқұрайлы қарамайды. Барлығы осындай отбасыларға көмектесуге тырысады», - деді ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109