2704

Инватакси - мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көлік

Астана қаласының «Орда» аутизмі бар балалардың ата-аналарының бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің басшысы Салтанат Есмағамбетова мүмкіндігі шектеулі астаналық тұрғындарды әлеуметтік қолдау шаралары жөніндегі пікірімен бөлісті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Әлеуметтік қолдау көрсетудің негізгі бағыттарының бірі мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау екені мәлім. Соған орай, бүгінгі таңда Астанада оларды оңалту шараларымен бірге «Инватакси» қызметімен қамту қолға алынған.

Қазіргі уақытта елордада мүмкіндігі шектеулі жандарды жеткізумен айналысатын «Инватакси» қызметінде 23 автокөлік бар. Олардың бесеуі арбамен қозғалатын жандарға («Мүмкіндігі шектеулі жандар конфедерациясы» РҚБ) бөлінсе,  11 көлік қозғалысы шектеулі балаларға (№ 65 мектеп «Мейірім» ҚҚ), қалған 7 автокөлік зағип жандарға («Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ) қызмет көрсетеді.

Жалпы жыл сайын үш мыңға тарта адам «Инватакси» қызметін қолданады.

Шақыртулардың мыңға жуығы балалар тарапынан түседі. Бұл қызметті мүмкіндігі шектеулі жандар ғана қолдана алады. Таксиді шақыру үшін өтініш беру ғана жеткілікті. Белгіленген уақытта көлік шақырған жерге келіп, арбамен қозғалатын жандарды қажетті жеріне апарып-әкеледі. Мәселен, олар мектепке, жұмысқа, үйге немесе ауруханаға барып-келе алады. 2014 жылдан бастап такси қызметін қолдану мүмкіндігіне зағип жандар да ие болды. Жалпы соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі жандар мемлекеттік және жеке ұйымдарға жұмысқа тұру арқылы қоғамдық өмірге белсене араласуда», – деп түйіндеді сөзін Салтанат Есмағамбетова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109