9629

15 ақпанда елорданың аудандық әкімдіктерінде тұрғындарды қабылдау шарасы өтеді

«Астана» концерт залында (Конгресс-Холл) 15 ақпанда өтуі тиіс азаматтарды қабылдау шарасы ұйымдастырылмайтын болды. Мұның орнына әр тұрғын мен көп балалы ана өзін алаңдатқан мәселемен 7 күнге созылатын «ашық есік» апталығының аясында аудан әкімдіктеріне келе алады. Аталмыш шара 13 және 22 ақпан аралығында жүргізілетін болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Тұрғындарды толғандыратын мәселелердің көптігін ескере келе, қала басшылығы 15 ақпанға белгіленген азаматтарды қабылдау шарасынының орнына 7 күнге созылатын «ашық есік апталығын» өткізуді ұйғарды.

Халыққа қолайлы болуы үшін азаматтарды қабылдау Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандарының әкімдіктерінде құзыретті мемлекеттік органдардың (Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, қоғамдық денсаулық сақтау, білім және басқа да басқармалар) қатысуымен өтетін болады.

Көп балалы аналардың 6 ақпанда берген арыздардың барлығы жүйлендіріліп, талдаудан өткізілді. Қазіргі таңда аталмыш өтініштер бойынша ұсыныстар ҚР Үкіметінің жанынан құрылған азаматтардың кірісі мен өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі шараларды күшейтумен айналысатын Жұмыс тобының қарауында.

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға қатысты мәселелер жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жолданған өтініштер бойынша кешенді шаралар екі айдың көлемінде қолға алынатын болады деп күтілуде.

Еске салайық, бүгінге дейін  Бақыт Сұлтановтың тапсырмасы бойынша аудан әкімдіктері 7 ақпаннан бастап көп балалы аналар мен қала тұрғындарын қабылдап жатыр. Оның барысында әр мәселе егжей-тегжейлі қаралып, оларды шешу жолдары жедел түрде қабылдануда.

Аталмыш мәселелерді одан да тиімді шешу үшін 15 ақпанға белгіленген азаматтарды қабылдау шарасының орнына аудан әкімдіктерінде «ашық есік апталығын» өткізу туралы шешім қабылданды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109