1057

Әкімшілік айыппұл бойынша борышкерлердің көліктері айыппұл тұрағына тоғытылуы мүмкін

Қалалық полиция департаменті 13-27 ақпан аралығында жазадан құтылмау және әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша қаулылардың орындалуын бақылауды күшейту мақсатында сот орындаушыларының қатысуымен «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ведомство мәліметтеріне сәйкес, шара аясында полиция қызметкерлері айыппұл төлеу қажеттілігі туралы хабарлау мақсатында құқықбұзушылардың тұрғылықты мекенжайы мен жұмыс орнын аралап шығады. Сот орындаушыларымен бірлесіп, «Рубеж» барлық бекеттерінде электронды планшеттерді пайдалана отырып, айыппұлдарды өндіріп алу мақсатында көлік құралдарын тқтқындауы мүмкін.

Сонымен қатар, қала аумағында электронды планшеттер мен «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін пайдалану мүмкіндігі бар патрульдік экипаждар қойылған.

Полиция департаменті өз айыппұлдарын келесі тәсілдермен тексеруге және төлеуге болатынын хабарлайды: онлайн режимінде egov.kz порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, мобильді қосымшаларда qamqor.gov.kz, Kaspi.KZ, egov.kz, HandyPay, MyPay homebank.kz интернет-сайттары арқылы.

Айыппұлды өтеу туралы түбіртекті WhatsApp-қа жіберуге болады 8-776-197-23-48. Айыппұлдарды интернет-сайт арқылы тексеру кезінде http://qamqor.gov.kz сіз «өз айыппұлдарың туралы біл» бетбелгісіне кіріп, одан әрі көлік иесінің ЖСН-ін енгізіп, фото және бейнетіркеу жүйелерімен бекітілген бұзушылықтар болған жағдайда, бұзушылықтар деректерінің суреттерін басып шығаруға болады. Анықтама үшін телефон; 95-44-98.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109