3534

Әкімдікте тұрғын үй алу кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

Басты себеп – қала халқының қарқынды өсуі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының хабарлауынша,  5 ақпандағы жағдайға сәйкес Астанада коммуналдық тұрғын үй қорында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде 45 329 адам тұр.

«Кезекте тұрғындар санының артуының басты себептерінің бірі – қала халқы санының қарқынды өсуі. Бұл үрдіс табиғи өсім, сондай-ақ көші-қон есебінен орын алып отыр», – деп атап өтті ведомствода.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, егер 2008 жылға дейін кезекте тұрғандардың саны орта есеппен 700-800 азамат болса, 2008 жылдан бастап аталмыш көрсеткіш күрт өсіп, 3-4 мың азаматты құраған. 

Коммуналдық тұрғын қорынан баспана алу кезегінде тұрған азаматтар санының өсу динамикасы

Астана қаласының 20 жыл даму тарихында тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы орган тарапынан жүргізіліп келеді, негізінен бюджеттік қаражат есебінен тұрғын үйді сатып алуға және оны кейіннен кезек тәртібімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына немесе мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне қызметтік тұрғын үй түрінде беру арқылы шешімін тауып келеді.

Тұрғын үй заңнамасына сәйкес қала әкімдігі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебін 5 тізім бойынша жүргізеді. Олардың қатарына:

1)Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 2) жетім-балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 3) әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар; 4) мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ғарышкерлікке үміткерлер мен сайланатын мемлекекеттік лауазымындағылар; 5) ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған азаматтар.

Астана әкімдігі соңғы бес жыл ішінде 7 236 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз еткен (мемлекеттік бағдарлама және коммуналдық тұрғын үй қорынан).

Қазіргі уақытта қала әкімдігі «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруды жалғастырып жатыр, онда қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бірқатар бағыттар қарастырылған.

1 Жалға берілетін тұрғын үй. 2018 жылы 154 пәтер пайдалануға берілді. 2019 жылы жалға берілетін 731 пәтердің құрылысы жалғасуда. Тұрғын үйді бір шаршы метріне төленетін төлем айына 100 теңгеден аспайды.

  1. Кредиттік тұрғын үй. Басты артықшылығы – тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 180 мың теңгені құрайды. 2018 жылы осы бағытты іске асыру аясында 481 пәтер берілген. 2019 жылы 903 пәтер пайдалануға беру жоспарланып отыр.
  2. Апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді сүру бойынша пилоттық жоба. 2018 жылы жобаның бірінші кезеңін іске асыру аяқталған, нәтижесінде 228 апаттық жағдайдағы тұрғын үй сүріліп, шамамен 3,5 мың отбасы жаңа жайлы пәтерге көшірілген.
  3. Тұрғын үй сертификаты

Астана әкімдігі елімізде бірінші болып тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы жарнаны субсидиялау тәсілін енгізді. Басты мақсат – білім беру, денсаулық сақтау және құқық қорғау саласының білікті қызметкерлер корпусын құру. 2018 жылы әкімдік тарапынан аталған салалардың 100 қызметкеріне көмек көрсетілді, оларға бастапқы жарна сомасының бір бөлігін өтеу есебінде әлеуметтік көмек ретінде 1 млн теңге аударылды. 2019 жылға аталмыш әлеуметтік көмекті 2 мың қызметкерге көрсету жоспарланған.

  1. «7-20-25» бағдарламасы. Қазіргі кезде елімізде аталмыш бағдарлама шеңберінде 106,3 млрд теңге сома есебіне 9 мыңнан астам өтініш қабылданды. Бұл бағдарлама бойынша Астана алдынғы қатарда, өтініш бергендердің саны 3 мың, оның 2 мыңының өтініші қанағаттандырылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109