4196

Тұрғын үй көмегін онлайн түрде қалай рәсімдеуге болады

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Астана қаласында тұрақты тұратын және тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық төлемге жұмсалатын шығыстардың жиынтық табысынан 8% асатын отбасына берілетін «тұрғын үй көмегін тағайындау» түрінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының хабарлауынша, берілген мемлекеттік қызмет өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру коммерциялық емес «азаматтарға арналған Үкімет» веб-порталы «Мемлекеттік корпорациясы» акционерлік қоғамы ғана емес, «электронды үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында көрсетіледі.

Порталға қажетті құжаттар тізімі:

  • Өтініш - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжат нысанына сұрау салу;
  • Отбасының барлық мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарының электрондық көшірмесі;
  • Отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
  • Тұрғын үйге құқық белгілеуші құжаттардың электрондық көшірмесі, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер;
  • Коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған өтініш жасаған тоқсанның алдындағы айға шоттардың электрондық көшірмелері;
  • Банк шотының электрондық көшірмесі;

Портал арқылы «жеке кабинетке» жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат түрінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жіберіледі.

Анықтама телефондары: 55-68-22, 55-68-34, 55-68-45.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109