2856

Бақыт Сұлтанов: Көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек – күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе

Астана әкімі халыққа есеп беру кездесуінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға басты назар аударды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Б. Сұлтановтың айтуынша, Астана әкімдігіне көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек мәселесіне қатысты көптеген сұрақ түседі. Әлеуметтік қорғау –  әкімдік үшін алдыңғы қатардағы басымдықты міндет.

«Көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек – күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе.  Нақты ақпар анықталып жатыр. Қазіргі күні есептеу әдістемесінің ерекшеліктеріне сай 10 мың осындай отбасының тек 4% (барлығы 434 отбасы) ғана атаулы әлеуметтік көмек алуда. Бұл – өте төмен көрсеткіш. Қанша қаражат бөлінгенмен, біз сол қаражатты тиесілі жерге жеткізе алмай отырмыз. Бұл сол отбасыларға бөлінген қаражат қой. Неге керісінше жағдай туындады? Мәселені қарастырып анықтадық. Ол жерде қарапайым адам түсіне бермейтін көп мәселе бар. Қазір ол біздің басты міндетіміз болып отыр», деді Б. Сұлтанов. 

Бұл ретте ол атап өткендей, барлық тіркелген отбасы өздеріне тиісті көмекті алу қажет. Ал тіркелмегендер тіркелуі керек.

«Бұл мәселені біздің алдымызға Елбасы қойып отыр. Әлеуметтік қорғау – бұл басты міндет.

Бұл тек көпбалалы немесе аз қамтылған отбасыларға ғана емес, мүгедектер, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен басқа да санаттағыларға қатысты », - деді Сұлтанов.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109