2024

Әкімдік қала дамуының стратегиясы мен жоспарын әзірлеуде

Бұл – астаналықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған стратегиялық құжаттар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Халыққа есеп беру кездесуінде елорда әкімі Бақыт Сұлтанов Астананың ерекше қала екендігін атап өтіп, әкімдіктің оны одан да жайлы ету үшін бар күшін жұмсауы керектігін айтты.   

«Бұрынғы қаржы министрі ретінде маған өз есебімді әдеттегідей сандардан бастаған ыңғайлы. Алайда, қаланың тұрмыс-тіршілігі мен экономикасы – бұл, бірінші кезекте,  адамдар. Сол себепті біз Астананың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы және қала дамуының жоспары сияқты екі құжатты әзірлеуге кірістік», – деді Б. Сұлтанов.

Оның айтуына қарағанда, Стратегия бізге бағыт-бағдар көрсетер құжат болса, екіншісі – межеге қалай қол жеткізетіндігіміздің егжей-тегжейлі жоспары.

«Елбасы халықпен кері байланыс орнату керектігіне үнемі назар аударады. Тек жыл басынан аудан әкімдері мен қала әкімі орынбасарларының 33есеп беруі кездесуі өтті. Әрине, жеке кездесу деген ең тиімді формат болмаған соң, біз iKomek қызметін құрдық. Өткен жылы қызметке 1 млн өтінім келіп түссе, олардың шамамен 100% орындалған. Бұл – керемет көрсеткіштер. Көмек қызметін пайдаланушылар да, орталықтың жұмысына жауаптылар да жарайсыздар!», – деді Сұлтанов.

Оның айтуынша, әкімдіктердегі, басқармалардағы ашық есік күндері мен iKomek қызметіне түскен хабарламалар, әлеуметтік желілер арқылы түскен шағымдар, осылардың барлығы қала әкімі мен оның тобына қалалықтарды жақсы түсінуге көмектеседі.

«Мен сіздерден біздің жұмысымызға қатысты пікіріңізді белсенді түрде білдіруіңізді жалғастыруыңызды сұраймын. Жағдайларыңызды түсінемін. Мен сіздердің түсірген әрбір шағымыңыз жайлы білемін. Мәселелер өз шешімін табатын болады. Әрине, оның барлығы бір сәтте шешілмегенімен, уақыт өте келе біз әр мәселеге жететін боламыз», – деді Сұлтанов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109