1143

Астана еліміз бойынша тұрғын үй беруден көш бастап тұр

Өткен жылы қалада 23 мың пәтерлік 2,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

«Барлықтарыңызды қуантқым келеді: біз еліміз бойынша жаңа үйлер салып, пайдалануға беру жөнінен көш бастап келеміз. 2,3 млн шаршы метр, 23 мың пәтер. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша да елордамыз Қазақстан бойынша көш басында келеді. 110 мың ш. м. –1 419 пәтер. 15 ТК салынып жатыр. Бұл – шамамен 4,5 мың пәтер, оның ішінде 3106 пәтер осы жылы пайдалануға беріледі», – деді Астана әкімі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру барысында.

Сонымен қатар, 228 апатты үй бұзылып, 3,5 мыңға жуық отбасы жаңа жайлы пәтерлерге ие болды. «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1 875 отбасы 27 млрд теңгеге несие алады. Бағдарлама қолжетімді болуы үшін жаңа жыл қарсаңында әкімдік білім беру, денсаулық сақтау және полиция қызметкерлеріне тұрғын үй сертификаты түрінде 1 млн теңгеден 100 субсидия бөлді, биыл тағы 2 мың сертификат беріледі деп жоспарлануда.

«Тұрғын үй сертификаттары менің өзіме қатты өте ұнайды. Бірақ бір мәселе бар: бәрі бірдей талаптан өте алмайды. Әйтпесе, 2 мың сертификат – күніне 5 сертификат деген сөз. Бірақ бұл шын мәнінде шешімді талап ететін мәселе. Жұмыс істейтін боламыз», – деп атап өтті Б.Сұлтанов.

Қала әкімі үлестік құрылысқа байланысты мәселелер оның жеке бақылауында екенін ерекше атап өтті.

«Біз ведомствоаралық комиссия аясында алданған үлескерлермен тұрақты кездесулер өткіземіз. Мен айтқандай, қалағанымыздай бұл мәселені тез арада болмағанымен, шешеміз. Қабылданған шаралардың арқасында біз проблемалы нысандардың санын 68-ден 29-ға дейін қысқарттық. Бұл – 10 344 үлескер. Біз «Жол картасын» әзірледік. Сонымен, біздің жоспар 2022 жылға дейінгі мерзімді қамтиды. Мемлекеттік қаражат бөлінді. Олар, бірден атап өтейін, қайтарымды. Жұмыстар жүргізілуде. Табысты сәттер көп. Жұмыстар да көп. Бірақ тағы да қайталаймын: бұл – менің жеке бақылауымдағы үлестік мәселе», – деді Сұлтанов.

Бұдан бөлек, студент жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де шешілуде. Қазіргі уақытта Астанада 90 мыңға жуық студент тұрады. 32 жатақхана жұмыс істейді, онда 14 мың студент тұрады. Алайда тағы 11 мың студент орналастыруды қажет етеді. Осыған байланысты әкімдік жоғары оқу орындарына құрылыс үшін 15 жер телімін бөлді.

Колледж студенттері үшін тұру мәселесі жергілікті бюджеттен мемлекеттік тапсырыс арқылы хостелдерге орналастыру есебінен толық шешілді. Бұл ғимарат құрылысын үнемдеуге және дайын инфрақұрылымды тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109