1292

Астана әкімі орта және мектепке дейінгі біліммен қамту мәселесінің қалай шешіліп жатқаны туралы айтты

Қала билігі аталмыш мәселені шешуде пәрменді әрі бейстандарт шараларды қабылдауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Орта және мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша бізде екі мәселе бар. Бұл – мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамту және оқу орындарының жағдайына қатысты мәселелер. Аталмыш мәселелер ішкі көші-қонның белсенділігінен туындап отыр. Осы мәселелерді біз қалай шешіп жатырмыз? Біз балабақшаларға мемлекеттік тапсырыс береміз. Қазіргі таңда балалардың 40% балабақшадағы орынмен жеке мекемелердің есебінен қамтылды. 4 жаңа балабақша салынып жатыр. Олардың біреуі көру қабілеті бұзылған балаларға арналған», - деп мәлімдеді Астана әкімі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру барысында.

Мектеп оқушылары жаңа 120 мың орынмен 2023 жылға дейін қамтылатын болады деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда қала мектептерінде 161 мың орын бар. Дәлірек айтқанда, орындар саны шамамен екі есеге ұлғайтылмақ.

Орта кәсіби білім беретін оқу орындары бойынша 16 құрылыс нысаны бар. Олардың 12-сі пайдалануға биыл беріледі. Жалпылай алғанда, 12 мың жаңа орын пайда болады деп күтілуде.  

Балалардың демалысын ұйымдастыру мақсатында мектептер жанынан Community орталық деп аталатын қосымша білім беру орталықтарын құру жөніндегі шешім шығарылды. Қазіргі таңда мұндай 4 орталық бар. Олардың біреуі Балалар үйінің жанынан ұйымдастырылған. Балалар робот техникасы, хореография сияқты үйірмелерге, STEM-зертханаларға, спорттық секцияларға барады.

Мұндай орталықтардың біреуі ғана 800 баланы қамтиды. Үйірмелер мен секциялардың бәрі тегін. Бұл – халықтың осал топтары қатарындағы азаматтарды, көпбалалы отбасыларды қолдаудың нақты қадамдарының бірі. Әсіресе, өз баласын қараусыз қалдыруға қорқып, бұдан бұрын жұмысқа шыға алмаған ата-аналар үшін өте ыңғайлы.

Аталған жоспарда тағы да бір қызықты жоба бар. Ол ұзартылған күн тобына қатысты. Бұл жұмысқа студенттер қатарынан еріктілер, сондай-ақ, мамандар тартылатын болады. Бұл ретте көпбалалы отбасыларға, халықтың осал топтары қатарындағы азаматтарға басымдық берілмек.

«Жасы үлкен балалар үйге берілген тапсырмаларды тыныштықта әрі жайлы жерде орындай алса, аналар кенже балалары тамақ ішіп болған соң, ұйықтап жатқанда өз шаруаларын істей алады. Сол себепті біз аталмыш жобаны МЖӘ аясында жүзеге асыруға дайынбыз. Біз маңызды жұмыспен айналысуға дайын кәсіпкерлердің қолдауын күтеміз», – деді Сұлтанов.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109