1525

Бақыт Сұлтанов мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдайтын коммерциялық емес ұйымдарды қолдауға шақырды

Астана әкімі бизнесмендерді мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетіп жүрген коммерциялық емес ұйымдарға қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бақыт Сұлтанов тұрғындармен есеп беру кездесуінде мүгедек балаларды білім берумен қамтамасыз ету бойынша әкімдік қабылдаған шараларға ерекше тоқталды.

«Бұл – батыр балалар. Біз мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасыларды жиі кездестіреміз. Массаж кушеткасының бірнеше сантиметрін бағындырған балалары үшін ата-аналары қалай қуанатынын көрсеңіздер ғой. Балалары да әрі қарай жұмыс істеуге және дамуға дайындығын айтады.Мен Астананың барлық кәсіпкерлерін осы салада жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдарды қолдауға шақырамын», – деді Б.Сұлтанов.

Қазіргі уақытта Астанада 80% мүгедек бала немесе 6 мың осындай біліммен қамтылған. Ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту үшін 77 мектепте, 13 балабақшада, төрт колледжде жағдай жасалған.

Сонымен қатар, қала әкімі педагогтарды қолдау шаралары туралы айтты.

Биыл оларға тағы 1 мың тұрғын үй сертификаты беріледі, 300 орындық жатақхананың құрылысы аяқталуда, педагогтардың еңбекақысы мен мәртебесін жүйелі түрде арттыруға шешім қабылданды. МЖӘ тетіктері арқылы жан басына қаржыландыруды енгізудің арқасында әкімшілікте қаражатты босату және оларды мұғалімдердің жалақысына жіберу мүмкіндігі пайда болды. Бұл сондай-ақ, білім беру саласына жеке бизнес пен жекеменшік мектептерді тартуға мүмкіндік береді.

«Балалардың қауіпсіздігі маңызды міндет болып табылады. Ағымдағы жылдың соңына дейін біз оқу орындарын, соның ішінде, ондағы асханаларды бейнебақылау камераларымен, 100 пайыз қамтамасыз етеміз», – деді Сұлтанов.

                                                                                                         

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109