1504

Астанадағы жастар саясаты жұмыспен қамтумен тығыз байланысты болады

Астана әкімі Жастар жылында қала әкімшілігі тарапынан жастарды қолдауға бағытталған іс-шаралар жайлы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Халыққа есеп беру кездесуі барысында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов «Жастар» сарайының форматы өзгеретінін, оның базасында жастар хабы құрылатынын атап өтіп, оның жастар ұйымдары мен мемлекеттік органдарды байланыстырушы мекемеге айналатындығын алға тартты. 

Сонымен қатар, жалпы табысы кедейлік шегінен аспайтын көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін қаладағы ЖОО-на жеке білім гранты ұсынылатын болады.

Сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды меңгеру үшін техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде қосымша 1 мыңнан астам грант қарастырылған. Сонымен қатар, оқу кезінде толық әлеуметтік пакет – жатақханамен қамтылу, тегін жол жүру және тамақтану, шәкіртақының төленуі қарастырылған.

«Бұл – студенттер үшін жақсы жаңалық. ЖОО-ның түлектері жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша Астанада жұмысқа орналаса алады. Осылайша жастар өзіне қажетті  тәжірибе жинақтайды. Ал, Бизнестің жол картасы арқылы кәсіпкерлік негіздері бойынша білім және қажетті барлық кеңестер алып, жеңілдетілген несиені субсидиялау бағдарламасының қатысушысы бола аласыз», – деді Б. Сұлтанов Астананың жастар саясаты жұмыспен қамтумен тығыз байланысты болатындығын тілге тиек етіп.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109