1639

Астана қаласы денсаулық сақтау жүйесінің негізгі басымдықтары аталды

Қалада аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші айтарлықтай кеміді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Медицина бойынша бізде төрт басымдық бар: аурулардан болатын өлім-жітімді азайту, тиімді алдын алу мен емдеу мақсатында инфрақұрылымдарды құру, кадрларға арналған әлеуметтік пакет және жабдықтау мен инновация», – деді Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша, елордада қан айналымы жүйесі (-18%), инфаркт (-9%), гипертония (-8%), онкология (-8%) бойынша көрсеткіштер айтарлықтай жақсарды.

«Бұл сандармен ондаған мың науқастың өмірі байланысты. Орта есеппен өлім-жітім 10%-ға төмендеді», – деп атап өтті қала әкімі.

Астананың ауруханалары мен медициналық орталықтары ел бойынша көптің көңілінен шығып жүр. Елордалық клиниканың әрбір бесінші науқасы еліміздің аймақтарынан келеді.

«Үйдегі дәрігер» бірегей жобасын астаналықтардың мақтанышы деп атауға болады. Оның ерекшелігі – ықшам емдеу амбулаторияларының желісін құру үшін тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын пайдалану. Олар кез келген тұрғын үшін қолжетімді болуы тиіс.

«Дәрігерлер доктринасы емдеу емес, алдын алу жағына қарай жылжып келеді. Скрининг, диагностика және әйелдерге, әсіресе көпбалалы әйелдерге қамқорлық жасау өз жемісін береді», – деп сендірді Сұлтанов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109