1702

Бақыт Сұлтанов тұрғындарды қоқысты сұрыптауға шақырды

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов қоршаған ортаны қорғау саласындағы екі басымдықты атады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Адамдар ауаны ластамау үшін көлікпен аз, жаяу көбірек жүруі керек», – деді әкім тұрғындарға есеп беру барысында.

Б. Сұлтановтың айтуынша, Көктал-1, Көктал-2, Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алаптары мен Железнодорожный кентін газдандыру зиянды шығарындыларды қысқартуға едәуір мүмкіндік береді.  

«Біз қыстыгүні болатын тұмша туралы айтып отырмыз. Қоқыс жөнінде: құрметті қалалықтар, сіздерден оны сұрыптап жинауды сұраймын. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, бір тәулікте мыңнан астам тонна қоқыс шығарылады», –  деді әкім.

Ол, сонымен қатар, қала айналасында 10 млн ағаш өсіп тұрғанын, осы жылы тағы жарты миллион көшет отырғызылатынын мәлімдеді. Жыл соңына дейін бес гүл бағы пен екі желекжол салынбақ.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109