1348

Астана әкімі: «Сергек» камералары ЖКО салдарынан болатын өлім-жітім көрсеткішін азайтуға септігін тигізді

Бейне-бақылау жүйесінің арқасында ЖКО салдарынан болатын өлім-жітім саны екі есеге азайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.               

Астана әкімінің берген мәліметіне қарағанда,  қалада қазіргі таңда 6 мыңнан астам камера орнатылған. Олардың барлығы жұмыс істеп тұр әрі өзара байланыстырылған. Аулаларда жасалатын қылмыстар саны екі есе төмендеді. «Сергек» бейне-бақылау жүйесінің арқасында ЖКО салдарынан болатын өлім-жітім екі есеге азайған.

««Сергекті» барлығы ұнатпайды. Бірақ ол жол апатын және содан болатын адам өлімін азайтуға ықпал етті. Мұндай нәтижелерге қол жекізуіміз өте жақсы», – деді әкім.

Ол, сондай-ақ, iKomek орталығы және қала тұрғындарының көмегімен өткен жылы 5 мыңнан астам кәріз құдығы қақпағының жоғалғандығының анықталғандығын айтты.

«Ол қақпақтарды айдаладағы біреу емес, сізбен-біздің көршіміз, осы қаланың тұрғыны сатып алуда. Егер сұраныс болмаса, ұсыныс та болмас еді. Біз өзіміздің және жанашыр белсенді тұрғындардың көмегімен қақпағы жоқ құдықтарды анықтап, мәселені сол жерде шешіп жатырмыз. Ол егер экономикалық шығын ғана болса бір сәрі. Бірақ жағдай ондай емес, адамдар қайтыс болып жатыр», – деді Б.Сұлтанов.  

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109