3884

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

Сонымен қатар, биыл ЭКСПО павильондарының бірінде «IDEA Park» үздік шешімдер кеңістігі ашылады. Онда ең перспективалы технологиялар ұсынылатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кезінде қалада енгізіліп жатқан жаңа теxнологиялар туралы айтып берді.

«Инновацияларды енгізу – бұл технологиялар арасындағы жарыс емес. Бұл – бәсекелі күрестің қуатты құралы. Инновацияның ерекшелігі де осында. Елордада «Ақылды қаланың» заманауи цифрлық технологиялары енгізілуде. Бұл үлкен деректерді жинау және талдау жүйесі, «Сергек» бейне-бақылау жүйесі, Smart білім беру, Smart Медицина, Электронды ПИК жобалары. Бұл – коммуналдық-тұрғын үй саласын цифрландыру», – деді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, биыл қалада «ақылды жарықтандыру» жобасы аясында 31 мың шам ауыстырылады. Бұл технология құрылғыларды қосуды, деректерді жинауды және аналитикалық ақпаратты алуды қамтамасыз етуге, шығындарды қысқартуға және жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қолайлы инновациялық орта құруды көздейді. 

«Ағымдағы жылдың сәуір айында кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін қалалық инновациялық алаңды ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл ТМД-да «Seedstars» басқаратын алғашқы коворкинг-орталық болады, олардың желісіне әлемнің әр түрлі елдерінен 70 мыңнан астам стартапшы, кәсіпкерлер мен инвесторлар кіреді. Жоба «Seedstars» Халықаралық бизнес акселераторымен бірлесіп іске асырылады», - деді Б.Сұлтанов.

 

Сонымен қатар, осы жылы ЭКСПО павильондарының бірінде әкімдік "IDEA Park" үздік шешімдер кеңістігін ашады. Онда Астанада ақылды қала саласында қолдануға болатын перспективалы технологиялар: виртуалды шындық, заттар интернеті, smart city технологиялары, роботтар және басқа трендтік технологиялар ұсынылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109