578

Әкімнің есепті кездесуінде қала тұрғындарын қандай сұрақтар алаңдатты

Астана қаласы әкімінің халыққа есеп беру кездесуінде тұрғындар жаңа бағдарларды іске қосу, төлем терминалдарын орнату, түлектерге гранттар бөлу, көшелерді жарықтандыруға қатысты сұрақтар қойды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта «Байқоңыр» ауданының әкімдігі «Астана LRT» ЖШС-мен бірлесіп Өндіріс тұрғын үй алабында қосымша маршрутты іске қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Сондай-ақ, қала тұрғындары шаһар басшысынан жылы аялдама ішіне төлем терминалдарын қоюды сұрады.  

Өз кезегінде тұрғындардың бірі әкім грантын қалай иеленуге болатыны жайлы сұрады.

«Өздеріңіз білесіздер, бізде екі санат бар. 2004 жылдан бастап тұл жетімдер, бала жасынан мүгедек, көпбалалы отбасынан шыққан мектеп түлектері үшін арнайы гранттар бөлінеді. Өткен жылы 125 бала осындай грантқа ие болды. Осы жылы аталмыш көрсеткішті 200-ге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін бюджеттен шамамен 60 млн теңге бөлінеді. Екінші санат – өткен жылдан бастап нарықта сұранысқа ие мамандықтар үшін мемлекеттік тапсырыс жасайтын болдық. Грант жарияланған кезде балалар арнайы іріктеуден өтеді, бірінші кезекте, ҰБТ бойынша таңдаймыз, ЖОО-мен үш жақты келісім жасалады. Осы әдістеме бойынша бүгін 714 студент оқиды. Біз бұл бағдарламаларды одан әрі кеңейтеміз», – деді Б. Сұлтанов.

Тағы бір қала тұрғыны көшені жарықтандыруға қатысты сұрақ қойды.

Қала әкімі осы бағытта қандай жұмыстардың атқаралып жатқанын айтты.

«Көшені жарықтандыру, бірінші кезекте қаланың қауіпсіздігіне, ЖКО-на, тағы басқа мәселелерге тікелей әсер етеді. Біз қазір МЖӘ жобасын жүзеге асырамыз, соның аясында баланстағы барлық 31 мың шамды жеке қолға беретін боламыз. Олар барлық шамды заманауи жарықдиодты шамдарға ауыстыру туралы мойнына толық міндеттеме алады»,– деді әкім.  

Оның айтуынша, аудан әкімдері тұрғын үй алаптарында, әсіресе қала шетіндегі көшелерді жарықтандыру проблемаларын шешу үшін қосымша шаралар қабылдайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109