3384

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

Астана қаласы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі барысында ескі автобустарды жаңасына ауыстыру мәселесі көтерілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Ескі автобустар қашан ауыстырылады? Көптеген 52-ші, 40-шы, 46-шы, 70-ші, 2-ші, 22-ші сияқты маршруттарда әлі күнге дейін ескі автобустар жұмыс істейді. Ескі автобустардың ішінде өте суық. Ескі қозғалтқыштар өте шулы. Халыққа жол жүру ақысын көтерген екен, соған сәйкес сапалы тасымалдар үшін шаралар қолдануыңызды сұраймын», – деді кездесуге қатысушы.

«Автобус паркінің 70% жаңартылды, біз халықаралық қаржы институттарын арнайы тартудамыз. Өздеріңіз көріп отырсыздар, жаңа автобустар өте ыңғайлы. Қалған 30%-ы – техникалық тұрғысынан талапқа сәйкес автобустар. Бірақ біз оларды барынша жаңарту үшін жұмыс істейтін боламыз. Тиісті қаржы институттары мен құралдары бар, автобустар санын да, рейстердің жиілігін да арттырамыз», – деп жауап берді әкім.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қоғамдық көлік жүйесіне қызмет көрсету сапасына қатысты iKomek арқылы көптеген шағымдар келіп түсуде.

«Мен барлық аудан әкімдеріне автобустардың аялдамаларға қатынауын, аялдамаларда «байбаламның» болмауын, апатты жағдай туғызбауын бақылауды тапсырдым. Қызмет көрсету мен автобустардың сапасы, рейстер жиілігі ерекше бақылауда. Жақын арада оның көз алдыңызда қалай жақсаратынын көресіздер», – деді қала әкімі.

Бұдан бұрын Бақыт Сұлтанов өз сөзінде жақында 80 газ автобустарын сатып алу жоспарланғанын, пилоттық режимде электробус іске қосылғанын хабарлаған болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109