1633

Астанада жеңіл рельсті көлік және кіші айналма жол пайдалануға 2020 жылы беріледі

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кезінде жол инфрақұрылымын дамыту туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Адамдар белгіленген орынға тез арада жету үшін автобуспен жүру керектігін түсінді», – деді әкім.

Қала әкімінің мәліметінше, қаладағы 107 негізгі қиылыс «ақылды бағдаршамдармен»  жабдықталған, ол нақты уақыт жүйесінде жол ағынын оңтайландырады. Қоғамдық көліктер мен такси үшін қалада жалпы ұзындығы 77 шақырымды құрайтын арнайы жол бөлігі іске қосылды. 

Елорда әкімінің айтуынша, қазіргі кезде қалада бұрын асфальт мүлде төселмеген көшелерге асфальт төселіп жатыр. Бұл жалпы ұзындығы 27 шақырымды құрайтын Көктал, Агроқалашық, Оңтүстік-Шығыс (оң жағы), Промышленный, Энергетиктер және «Өндіріс» кенттеріндегі 51 көше.

2020 жылы жеңіл рельсті көлік және кіші айналма жол пайдалануға беріледі. Ол көшелердегі жүктемені азайтуға өз септігін тигізетін болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109