3052

Бақыт Сұлтановтың алғашқы халыққа есеп беру кездесуінің қорытындылары

Қазақстан астанасының әкімімен кездесу шарасына бес мыңға тарта адам қатысты. «Астана» концерт залына 1,6 мың адам келсе, онлайн режимінде шараны шамамен 3,4 мың адам көрді. Есептік кездесуден хабар «Фейсбукте» таралды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әдеттегідей әкімге қойылған сұрақтардың арасында әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үй құрылысы, жұмыспен қамту, медициналық көмек көрсету және білім беру қызметтерін көрсету салаларына қатысты мәселелер көш бастады.

Өз баяндамасын Бақыт Сұлтанов бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған ең өзекті тақырыптардың бірі – атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесінен бастады.

«Мұндай міндетті біздің алдымызға Мемлекет басшысы қойып отыр. Әлеуметтік қорғау – бұл бірінші кезектегі басымдық. Біз тек қана көпбалалы немесе аз қамтылған отбасылар туралы ғана емес, мүгедектер, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен халықтың басқа санаттары қатарындағы азаматтар жайлы айтып отырмыз», – деді Сұлтанов.

Осы ретте елорда әкімдігі қала тұрғындарының көпшілігін алаңдатқан баспана мәселесін шешу механизмін қарастырып жатыр.

«Біз көпбалалалы аналарға пәтерлерді жалға беретін боламыз. Жалға беріп қана қоймай, оны бірте-бірте сатып алуына мүмкіндік жасаймыз. Дәлірек айтқанда, олар енді ай сайын маңдай терімен тапқан қаржысын пәтер иесінің қалтасына емес, түбінде өз меншігіне айналатын шаңырағына құятын болады», – деді әкім.

Ол Астананың құрылыс көлемі бойынша елімізде көш бастап тұрғанын еске салып, проблемалы нысандарға қатысты мәселені өзінің жеке бақылауына алғандығын алға тартты. Үлескерлермен тиісті жұмыс жүргізу жалғастырылуда. Қабылданған шаралардың арқасында қаладағы проблемалы нысандар саны 68-ден 29-ға дейін қысқарды.

Екі жылдан кейін елордада балабақша тапшылығы мәселесі толығымен шешімін табатын болады. Бұған барлық алғышарттар бар. Қазірдің өзінде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 90% құрайды.

«Біз 2020 жылы бұл көрсеткішті 100% дейін жеткізуге тырысамыз», – деп мәлімдеді Сұлтанов.

Білім беру саласына қатысты әкім алдағы бес жылда 120 мың орынға арналған мектептердің салынатынын айтты. Ол, сондай-ақ, мұғалімдердің жалақысын жүйелі түрде арттыру, олардың мәртебесін көтеру жөніндегі шешімнің шығарылғандығын тілге тиек етті.  

Ал МЖӘ аясында ұзартылған күн топтары құрылатын болады. Бұл жұмысқа студенттер қатарынан еріктілер, сондай-ақ, мамандар (ақылы түрде) тартылатын болады. Бұл ретте көпбалалы отбасыларға, халықтың осал топтары қатарындағы азаматтарға басымдық берілмек.

Жастар саясаты жұмыспен қамтумен тығыз байланысты болады. Сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды меңгеру үшін техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде қосымша 1 мыңнан астам грант қарастырылған. ЖОО-ның түлектері жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша лайықты жұмысқа орналаса алады.

Бақыт Сұлтанов, сондай-ақ, медицина салысындағы негізгі басымдықтарды да атады. Бұл: аурулардан болатын өлім-жітімді азайту, тиімді алдын алу мен емдеу мақсатында инфрақұрылымдарды құру, кадрларға арналған әлеуметтік пакет және жабдықтау мен инновация. Осылайша, елордада «Үйдегі дәрігер» бірегей жобасы жүзеге асырылуда. Оның ерекшелігі – ықшам емдеу амбулаторияларының желісін құру үшін тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын пайдалану.

Экологиялық мәселелер қалай шешілетін болады? Бұл үшін елордада жыл соңына дейін «Көктал-1» және «Көктал-2», Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарына, сондай-ақ, Железнодорожный кентіне газ жеткізілетін болады. Осының нәтижесінде атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың көлемі азаймақ. Көгалдандыру шаралары жалғастырылады. Биыл отырғызылатын көшеттердің саны жарты миллионға арттырылмақ. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін Астанада 5 гүл бағы мен 2 желекжол салынатын болады деп жоспарлануда.

«Астана Венецияға айналуды қояды. 2030 жылға қарай нөсер канализациясы елорда аумағының үштен бір бөлігін құрайды. Нөсер канализациясы жүйесіне қатысты мәселені шешуді көздейтін Кешенді жоспар әзірленді. Ешкімге әр нәрсені нақтылаудың қажеті жоқ. Маған да, сіздерге де нәтиже маңызды. Біз өліара кезінде жүзуді доғаруымыз керек. Басты сандар мынадай: 14 тазарту құрылыстары 26-ға дейін арттырылады, бұрын аталмыш салаға 5 млрд теңге бөлінсе, енді 7 млрд теңге бөлінетін болады. Су жинайтын орынның ауданы 13 мың гектардан 23 мыңға дейін ұлғайтылады (5 жылдан кейін)», – деп атап өтті әкім.

Қаладағы қауіпсіздік мәселесіне әкім жеке тоқталды.

Бүгін Астанада 6 мың «Сергек» камерасы жұмыс істейді. Олар өзара байланыстырылған. ««Сергекті» барлығы ұнатпайды. Бірақ ол жол апатын және содан болатын адам өлімін азайтуға ықпал етті. Мұндай нәтижелерге қол жекізуіміз өте жақсы», – деді Сұлтанов.

Статистика «Сергек» бейне-бақылау жүйесінің арқасында ЖКО салдарынан болатын өлім-жітімнің де, аулаларда жасалатын қылмыстар санының да екі есеге төмендегенін көрсетіп отыр. 

iKomek орталығы және қала тұрғындарының көмегімен өткен жылы 5 мыңнан астам кәріз құдығы қақпағының жоғалғандығы анықталды.

Кездесу аясында Бақыт Сұлтановқа 36 азамат сұрақ қойды. Шара соңында әкім азаматтарды қабылдауды жалғастырды. Жалпылай алғанда, елорда басшысы 52 тұрғынды қабылдады.

«Ертең жазылған азаматтарды қабылдауды қалалық басқарма қызметкерлері жалғастырады», – деп сендірді әкімдік.

.     

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109