1416

Мобильдік топтар базарларды аралап, бірыңғай жиынтық төлем туралы ақпарат беруде

Ақпан айының бастап Жұмыспен қамту орталығы құрған мобильдік топтар базар, СОСО, сауда орындарын аралап, бірыңғай жиынтық төлем туралы ақпаратты түсіндіруде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Мобильді топ әлеуметтік медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры органдарының және БЖЗҚ өкілдерінен тұрады. Топ мүшелері бірыңғай жиынтық төлем туралы түсіндіріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап беруде. Ақпарат жазылған брошюралар, буклеттер таратылды, онда БЖТ өз бетімен төлеу арналған қажетті ақпарат көрсетілген.

«БЖТ – бұл азаматтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін тіркеудің жеңілдетілген режимі. БЖТ ЖСН арқылы екінші деңгейлі банктер арқылы немесе төлем терминалдары арқылы төлеуге болады», – деп түсіндірді Халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіптік оқыту бөлімінің сектор меңгерушісі Мейрамгүл Имашева.   

Мейрамгүл Имашеваның айтуынша, мобильді топтар «Әсем», «Сарыарқа», «Әлем», «Астаналық» сауда үйлеріне, «Көк базар», «Алаш» базарына сондай-ақ, жоғары оқу орындары мен колледждерге барады.

Естеріңізге саламыз, 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізу жұмыстары жүріп жатыр.

Бірыңғай жиынтық төлем тәртібін енгізудің басты мақсаты– бейресми түрде жұмыспен қамтылған тұлғаларды тіркеу қызметін жеңілдету. Ол жеке табыс салығы, БЖЗҚ зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасын төлеу, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аудару және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (МӘСҚ) әлеуметтік төлем төлеу сияқты төрт міндетті төлемді біріктірген бір реттік төлем болып табылады. БЖТ барынша ыңғайлы жасалған. Ол мемлекеттік тіркеу,тексеру және салықтық есепті талап етпейді.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109