1799

Астанадағы сұранысқа ие мамандықтар: тәрбиеші, наубайшы, дәнекерлеуші

2018 жылы жеті жүзге тарта адам Халықты жұмыспен қамту орталығында қайта оқыту курстарынан өтті. Олардың 70% тұрақты жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Халықты жұмыспен қамту орталығында мәлімдегендей, қазіргі таңда Астананың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың қатарында тәрбиешілер, наубайшылар, аспаздар, тігіншілер, шаштараздар, электр мен газ дәнекерлеушілер, сауда менеджерлері, бақылаушылар, кассирлер мен даяшылар бар.  .

«Қазір төрт мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Алайда, жоғарыда аталған салаларда дайын мамандардың тапшылығы байқалады. Жастар өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналаспайды. Басты себеп – мамандықты дұрыс таңдамау», – делінген орталықтың таратқан хабарламасында. 

Осы ретте Халықты жұмыспен қамту орталығы қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыруда. Мамандығын өзгерткісі келген әр адам жас ерекшелігіне қарамастан келіп басқа мамандыққа қайта оқи алады.

Осы жылы Аружан Ақпар 18 жасқа толды. Ол ҰБТ-ден тиісті ұпай жинай алмай, ЖОО түсе алмаған. Осылайша Аружан Халықты жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгінген болатын. Ол қысқа мерзімді курста оқып, наубайшы мамандығын игеріп шықты.

«Халықты жұмыспен қамту орталығы оқуға және жұмысқа орналасуға көмектеседі дегенді естіп, құжаттарымды алып орталыққа келдім. Уақыт кетірмей бірден наубайшы Әлия Сергееваның шәкірті атандым. Оқу процесінде нанды пісіру техникасын және тәтті тағамдардың көптеген түрлерін пісіріп үйрендім, сонда практикадан өттім, ал кейін жұмысқа орналастым», дейді орталық шәкірті.

Жас маман өз ісінің нағыз шебері атанды. Аружанға тапсырыс берушілер көп, ал ең бастысы – ол өз жұмысын жақсы көреді. Қолы босағанда Аружан тәтті тағамдарын әлеуметтік желі арқылы сатып қосымша табыс табады.

«Біз жұмысы жоқ адамдарға қысқа мерзімді курстан өтуді ұсынамыз. Біздің курстар дипломы, тәжірибесі жоқ және мамандығын ауыстырғысы келетін жандарға арналған. Оқу мамандық таңдауына байланысты 1 айдан 3 айға дейін жалғасады», – деді Астана қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіби маман бөлімінің басшысы Азамат Байтасов.

2018 жылы Астанада 700-ге жуық адам қайта оқыту курстарынан өтті. Олардың 70% тұрақты жұмысқа орналасты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109