4354

Тұрғын үй қоры: Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың құжаттарын жаңарту – әдеттегі рәсім

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың құжаттарын жаңарту жыл сайын өтеді. Ол әдеттегі рәсім болып табылады. Бұл туралы «Астана қаласы әкімдігінің тұрғын үй қоры» КММ директоры Нұрсұлу Қожахметова мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұрсұлу Қожахметованың айтуынша, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында және ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 26 маусымындағы № 856 қаулысымен бекітілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою ережесінде кезекте тұрған тұрғындарға жыл сайын өз құжаттарын жаңарту қажет деп жазылған.

«Бұл не үшін жасалады? Мысалы, «толық емес отбасы» санатындағы әйел тұрмысқа шықты дейік. Біздің базада бұл көрсетілмейді, ол үшін құжаттарды жаңарту қажет. Бұдан басқа, отбасында толықтыру болған жағдайлар да бар. Жаңа мүшелерді кейіннен отбасы құрамына енгізу қажет.

Егер отбасы көпбалалы болып табылса, одан кейін ерлі-зайыптылар некені бұзса, мұндай жағдайда ерлі-зайыптылардың біреуі отбасы құрамының екіншісін алып тастауы тиіс немесе «мемлекеттік қызметкерлер» санаты бойынша кезекте тұрған азаматтар өз жұмыс орнын өзгерткен жағдайда қарастырылады», – деп түсіндірді Қожахметова.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік тұрғын үй қоры бойынша үйге кезекте 45 471 адам тұр.

Барлық есеп бес санат бойынша жүргізіледі:

–     Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

–     Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

–     Халықтың әлеуметтік осал топтары: 1, 2 топ мүгедектері, зейнеткерлер, толық емес, көпбалалы отбасылар және т.б;

–     Мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала қызметкерлері, әскери қызметшілер;

–     жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтар.

Осылайша құжаттарды жаңарту тұрғын үй қорына баспанаға мұқтаж азаматтардың нақты бейнесін көруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, zhilfond.kz сайтында көрсетілген құжаттар тізіміне назар аудару қажет. Тұрғын үй қорының директоры атап өткендей, тізімнің 7-ші тармағы бойынша құжаттарды ұсыну міндетті. 8-ші тармақ мемлекеттік қызметкерлер үшін ғана көзделген.

 

«Егер сіз бастапқыда «мемлекеттік қызметкер» санаты бойынша кезекте тұрсаңыз, онда сізге жұмыс орнынан анықтама мен еңбек кітапшасының көшірмесін ұсыну қажет. «Толық емес отбасы» санаты бойынша тұрсаңыз, онда сіз үшін сегізінші пункт қажет емес», – деді Нұрсұлу Қожахметова.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109