5320

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бермек

Қазіргі таңда елордада ірі әрі маңызды деген жобалардың бірі – «Әбу-Даби Плаза» КФК құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармалары және «АЛДАР ЕвроАзия» ЖШС өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатты бекіту тараптардың ұзақ мерзімді серіктестігін құруға бағытталған. Мақсат – халықты жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған азаматтармен бірге, елорда тұрғындарын жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ Астанадағы «Абу-Даби Плаза» КФК жобасының жұмысы шеңберінде кадрларды даярлау және қайта даярлау.

Жаңа нысанды пайдалануға берудің нәтижесінде қолданыстағы кәсіпорындардың дамуы есебінен елордада жыл сайын тұрақты 19-20 мың жұмыс орны құрылуда.

Бүгінгі таңда елордада экономикалық белсенді халық саны 531,3 мың адамды, жұмыспен қамтылған халық саны 507,2 мың адамды құрайды. Астананың индустриалды-инновациялық және әлеуметтік-экономикалық дамуының аясында, «Әбу-Даби Плаза» КФК нысандарында жаңа жұмыс орындарын құру елордамыздың еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109