1694

Спорттық нысандардың қолжетімділігі: әлеуметтік осал топтағы балаларға арналған жеңілдіктер

Аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларын елорданың спорттық нысандарының қолжетімділігімен қамту тұрғысында жеңілдіктер қарастырылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық мәдениет және спорт басқармасында мәлімдегендей, «Алау» мұз сарайында мынадай санаттағы қала тұрғындары мен қонақтары жаппай сырғанауға тегін келе алады: 7 жасқа дейінгі балалар (егер бала 5-7 жасқа толмаған болса, туу туралы куәлік талап етіледі, өте кішкентай балаларға құжаттарды көрсетудің қажеті жоқ), I және II топтағы мүгедектер (тиісті құжатты ұсынған жағдайда мүгедектігі туралы анықтама/кітапша); көпбалалы отбасылардың балалары (тиісті құжатты ұсынған жағдайда көпбалалы туралы кітапша және әр баланың туу туралы куәлігі), балалар үйінің тәрбиеленушілері (тиісті құжаттарды көрсеткен жағдайда).

Тегін кіруден басқа, бағасы 560 тг жеңілдікті билет келесі санаттағы азаматтар үшін қарастырылған: оқушылар (мектептен анықтама көрсеткен кезде); студенттер (студенттік билет көрсеткен кезде); зейнеткерлерге (зейнетақы куәлігі бойынша); III топтағы мүгедектерге (мүгедектігі туралы анықтама көрсеткен кезде).

«Алау» сарайы сондай-ақ, «Светоч», «Бөлік», «Аяла», «DARA» балалар, жасөспірімдер үйлерімен үнемі ынтымақтастықта жұмыс істейді. Жоғарыда көрсетілген мекемелердің тәрбиеленушілері ай сайын жаппай сырғанауға қатысады. 2018 жылдың желтоқсан айында, ақылы таңертеңгіліктерден басқа, мұнда аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған қайырымдылық ертеңгілігі ұйымдастырылды.

2019 жылдың 9 ақпанында балалар үйінің тәрбиеленушілері «Алауда» болып қайтты. Олар спорттық кешеннің аумағын аралады. Онда оқушылар мұз айдынының тарихымен танысты, мұз құю процесін көріп, мұздатқыш жүйелердің жұмысы туралы ақпаратқа қанық болып, сарай базасындағы секциялар туралы мәлімет алды,  конькимен сырғанады.

«Астана-Арена» спорт кешені футбол матчтарына 50 пайыздық жеңілдікті билеттерді мүмкіндігі шектеулі адамдарға (билетті сатып алу кезінде мүгедектікті растайтын құжат болуы қажет) ұсынады. Көпбалалы отбасылар үшін жеңілдіктер қарастырылмаған, бірақ 7 жасқа дейінгі барлық балалар үшін кіру тегін

2018 жылы халықаралық деңгейдегі мамандандырылған паралимпиалық жаттығу орталығы пайдалануға берілді. Ғимарат арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған. Жаңа жаттығу орталығы паралимпиадашылар үшін ғана емес, Астана қаласындағы мүгедектігі бар барлық адамдарға да спортпен шұғылдануға мұмкіндік береді. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық мүмкіндігі шектеулі Астана тұрғындары, мүгедектік тобы мен жасына қарамастан, спортпен тегін айналысуға құқылы.

Орталықта голбол, отырып ойнайтын волейбол, арбада отырып ойнайтын теннис түрлерінің залдары бар. Сондай-а, азаматтар үшін пауэрлифтингпен айнылысуға арналған кәсіби аймақ қарастырылған. Орталықта паратаеквондо сабақтары үшін 423 шаршы метр зал бар.

Астана әкімдігі жанында 10 спорт мектебі, сондай-ақ «Жігер» спорт клубы мен «Дәулет» спорт комбинаты жұмыс істейді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мектепте кез келген жастағы және кез келген мүгедектік санаттағы адамдар сабаққа тегін қатыса алады. Сонымен қатар, мектеп жанындағы спортшылар үшін көліктік тасымалдау қарастырылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109