1853

Бірыңғай жиынтық төлемін қалай төлеу керек

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) режимі формалды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді.

Табыс табу мақсатында бейресми кәсібін жүргізіп отырған, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбай, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін немесе олардың жұмысын атқаратын, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер болып танылады.

БЖТ төлеушілер мынадай мүмкіндіктерді ие болады:

Біріншіден, міндетті медициналық сақтандыру аясында барлық медициналық қызмет түрлеріне қол жеткізе алады. Медициналық ұйымды таңдау құқығына ие болады.

Екіншіден, зейнетақы жүйесінде еңбек өтілін жинап, базалық және жинақталған компоненттер есебінен тиісті көлемде зейнетақы алатын болады. Бұл орайда БЖТ төлеушілердің базалық зейнетақы көлемі еңбек өтіліне сәйкес есептеледі.

Үшіншіден, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысып, еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айырылу жағдайларына, жүктілік және босану, жаңа туған нәрестені асырап алу, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер алуға құқылы.

БЖТ төлеу өз еркімен, қалауымен жүзеге асырылады. Бұл жүйеге қатысу, қатыспау құқығы азаматтың өз шешіміне байланысты болады. Бұл орайда БЖТ төлемегені үшін қандай да бір жауапкершілікке тарту шарасы қарастырылмаған.

БЖТ мөлшері республикалық және облыстық маңызы бар қала тұрғындары  үшін - 1 айлық есептік көрсеткішті (2019 жылы 2 525 теңге), басқа елді мекендердің тұрғындары үшін – айлық есептік көрсеткіштің жартысын  (2019 жылы 1 262,5 теңге) құрайды (тұрғылықты жерінде тіркелуіне сәйкес).

БТЖ төлеуші салықтық органдарына есеп бермейді.

БТЖ үлесі мынадай:

- 10% - жеке табыс салығы;

- 20% - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;

- 30% - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы;

- 40% - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар.

         БЖТ Мемлекеттік корпорацияның есебіне екінші деңгейлі банктер мен Казпошта бөлімшелері және терминалдары, сондай-ақ kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы төлеуге болады.

БЖТ құрамына кіретін әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік корпорация тиісті әлеуметтік қорларға бөлуді дербес жүзеге асырады.

Төлемдердің мерзімділігі - айына бір рет, бірден тоқсан үшін, алты айға, бір жылға алдын-ала, әркімнің ыңғайына қарай төлеуге болады. Бұл орайда, БЖТ төленетін әрбір айды жеке көрсету қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109