1745

2018 жылы 8 мыңнан астам астаналық Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты

Жыл басынан 824 адам жұмысқа орналастырылды. Олардың 492-і – жас мамандар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімдігінің жұмыспен қамту орталығында белгілі болғандай, өткен жылы орталықтың көмегіне 20 мыңнан астам адам жүгінсе, олардың 8 мыңы тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Жастар практикасына және түрлі жұмыс орындарына 836 жас маман жолданған. Әлеуметтік жұмыс орындарына 200-ден астам адам жолданды. Оның 82-і – жастар. Ал, екі мың адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Олардың  1239-ы – жастар.

«Сонымен қатар, орталық қайта оқытумен айналысады. Өткен жылы 700 –ден астам адам мобильдік қосымшаларды әзірлеуші, киберқауіпсіздік саласындағы маманы, анимация және видеографика, тігінші, дәнекерлеуші, кондитер  сияқты мамандықтар бойынша білім алды», – деді Жұмыспен қамту орталығының директоры Абай Баймульдин.

Екі мыңнан астам адам кәсіби техникалық мамандық бойынша оқып шықты. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру мақсатында 70-тен астам мемлекеттік грант бөлінген болатын. Осылайша, 2018 жылға қойылған мақсат толық орындалды. 2019 жылы орталық жастарды жұмыспен қамту мәселесіне баса назар аудармақ.

Жыл басынан 824 адам жұмысқа орналастырылды. Олардың 492-і – жас мамандар. Қазіргі күні 4 мыңнан астам бос орын бар.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109