5840

Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс тауып беруге көмектеседі

Жасына қарамастан кез-келген адам мамандығын өзгерте алады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жұмысқа орналасу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына келіп тіркелу керек. Азаматтар өзімен бірге жеке куәлік, еңбек кітапшасы, білімі туралы диплом, біліктілігі және арнайы білімі немесе кәсіби дайындығы бары туралы құжатты тапсыруы керек. Бұдан кейін түйіндеме enbek.kz порталына орналастырылады. Содан соң кандидатқа сұранысқа ие мамандықтардың әр түрлі нұсқалары ұсынылады.

«Жұмыс іздеп жүрген жандарға жұмыстан бөлек қысқа мерзімді оқу ұсынамыз. Мұндай оқыту дипломы, біліктілігі жоқ немесе мамандығын ауыстырғысы келетіндерге арналған. Оқу таңдаған мамандығына қарай 1 немесе 3 айға созылады. Одан кейін оқудан өткен маман егер өз ісін ашқысы келсе, соған құрал жабдық алғысы келсе, мемлекеттік грант алуға өтініш бере алады», – дейді Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз хатшысы Дана Тұрғынова.

Жыл басынан Астанада 408 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109