977

Расул Исмаилов: қазақ халқының мейірімділігінің арқасында тірі қалдым

89 жасар Расул Исмаилов қазан айының суық таңында олардың Грузиядағы кішкентай ауылына ІІХК қызметкерлері келгенін ешқашан ұмытпайды. Ол депортация кезінде өзінің және жерлестерінің басынан өткергені жайлы Астана әкімдігі сайтының тілшісіне баяндап берді.

«1944 жылдың 15 қазанында  біз таң ата ерте оянып, ауылымызды ІІХК-ның  қарулы сарбаздары қоршауға алғанын көрдік. Олардан ешқайда қашып құтылмайтынымыз белгілі болды. Бізді мешіттің жанына жинап алып, елден шығарып жіберетіндерін айтты. Жиналуға екі сағат берді. Ал бұл уақытта нені жинауға болады? Өзіңмен бірге нені аласың? Көп нәрсе ала аласың ба?!», – деді ол.

Ол рухын жинау үшін біраз үнсіз отырды да, кейін жалғастырды:

«Бізге тұтқындалушылар сияқты қарады, ІІХК-ның қызметкерлері бар көліктерге отырғызды. Бізді жақын маңдағы темір жол бекетіне жеткізді. Онда бізді «бұзау» вагондарға отырғызды. Адам көп, ал вагон кішкентай, вагонның ортасында кішкене темір пеш, барлығы жерге жайғасты. Қалған вагондар толғанша ұзақ күттік. Суық болды.  Солай жүріп те кеттік. Бізді бір айдан астам уақыт тасыды. Тұйыққа тіреліп, тәулік бойы тұрасың. Жейтін ештеңе жоқ, суық, әркім қолынан келгенше тырысып бақты. Көбі қайтыс болды. «Өлсең - өл, қалсаң – қал» деген сөз бар. Міне, осындай қатынас болды», – деді Расул ата.

Естеліктердің ауырлығы соншалық, ол әңгімесін үзіп жылап алды.

Қаншама жыл өтсе де, атамыз сол кезде неліктен оларды баспанадан айырып, отбасыларын бұзғанын түсіне алмайды.

«Ол кезде  шешендер, ингуштер, күрттер, қырым татарлары сияқты көптеген халықтарды елдерінен қуып жіберді. Бұл біздің құқықтарымызды өрескел бұзу болды. Грузияда біз бәріміз өте тату өмір сүрдік. Бізді Қазақстанға жібергенде бәрі жылады»,– деді ол.

Біздің кейіпкеріміз сол кезде екі үлкен ағасының майданда болғанын еске алады. Кейіннен олардың Белоруссияның бір жерінде шайқас алаңында із-түссіз жоғалып кеткенін білген. Ал ол болса, әкесі және шешесімен белгісіздікке аттанды.

«Бір айдан аса жолда жүрген поезд бізді Шамалған бекетіне әкелді. Мен жолда аяғымды үсіріп алдым, жергілікті дәрігерлер аяғыма таңу салғандары есімде. Бізді ары қарай шанаға отырғызып, Алматыдан 15  шақырым жердегі «Работник» колхозына алып кетті. Онда суық жер үйге орналастырды. Ал онда жағатын ештеңе жоқ, көмір де, орман да жоқ.  Құрғақ шөптерді жинап, соларды отынға жақтық. Қазақтар қолдарынан келгенше көмектесті, біреулері сүт, біреулері айран, құрт әкеліп берді. Барлығы кедей тұрды, бірақ қолында барымен бөлісті. Қолдарында бар бір тілім нандарын бізбен бөлісті», – деп еске алады Расул ата.

Әкем бұл қорлыққа төзе алмады, тамыры қиылған ағаштай солып қалды. Аз уақыттан соң қайтыс болды.  Ал 1945 –ші жылдың мамыр айынан кейін шешем де өмірден озды.  

«Мен жалғыз қалдым. Небәрі 15-те едім. Бөтен адамдардың қолында тұрдым. Қалай тірі қалғанымды өзім де білмеймін. Кейін мені Жезқазғандағы училищеге алып кетті. Аптасына бір рет моншаға апаратын, киім беретін. Моншадан келеміз, төсегіміз ауыстырылған тап-таза. Күніне үш рет тамақтандыратын, бірақ сонда да қарын ашатын. Әрқашан тамақ жегіміз келіп тұратын. Таңда 200, түсте 300, кешке 200 грамм нан беретін», – дейді ол.

Оқуын аяқтаған соң ол жұмысқа кіріскен, кейін отбасын құрған. Бірақ бірінші әйелімен айрылысып кеткен, қазір ұлы Мәскеуде тұрады.

Ал екінші жұбайы Анна Федоровадан қызы бар, жиені өсіп келеді.

«Мен қазақ халқына қиын-қыстау шақта бізді қолдап, мейірімділік көрсеткендері үшін алғысым шексіз. 2013 жылы қызым, күйеубалам және жиеніммен өзім туған жерге бардым. 69 жылдан соң бардым. Бірақ бәрі өзгерген, менің балалық шағымның белгісінен ештене қалмаған. Бала кезде бірге ойнағандардың бірі жоқ, бәрі о дүниелік болған», – дейді ол.

Мәтін: Айгерім Аскарова

Суреттер ғаламтор беттерінен алынды

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109