4481

iKомек өтінімдерді WhatsApp арқылы қабылдай бастады

Астана қаласы әкімдігінің iKомек бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерін енді  WhatsApp арқылы да қабылдайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

+77471090109 WhatsApp нөміріне Астана тұрғындары ТКШ (су/жылу/эл.энергиясы), қоғамдық көлік, отынмен қамтамасыз ету мәселелері, абаттандыру, ПИК жұмысы, лифт шаруашылықтарының жұмысы, ҚТҚ, тыныштықтың бұзылуы, ашық құдықтар, су басу, қаңғыбас жануарлар, жолдарды жөндеу, БТО, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, сауда және кәсіпкерлік сияқты қала тыныс-тіршілігіне қатысты барлық мәселелері бойынша өтініштерін жолдай алады.

Өтініштерді бір мәтіндік хабарлама түрінде келесі үлгі бойынша жіберуді сұраймыз

  1. Өтініш берушінің деректері
  2. Байланыс (кері байланыс үшін)
  3. Өтініштің мәні
  4. Уақыты мен күні
  5. Өтінішке (еск. ашық құдықтардың, жиналмаған қардың, рұқсатсыз қоқыс үйіндісінің оналасқан жері және т.б.) қатысты нақты мекенжай
  6. Болған жағдайда, фотоматериалды қоса тіркеңіз
  7. Қоғамдық көлік мәселелері бойынша хабарлама жібергенде, күнін, уақытын, автобустың бағытын, бағдардың нөмірін, мемлекеттік нөмірін немесе гараждық нөмірін және өтініштің мәнін көрсету керек.

Үлгі бойынша толтырылмаған өтініштер, кіріс қоңыраулар, сонымен қатар дауыстық хабарламалар тіркелмейді.

Барлық мәтіндік хабарламалар тәулік бойы қабылданады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109