3768

Қаланың шеткері аумақтарындағы мәселелер қалай шешілмек

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы активінің отырысында елордалық билік жұмысының маңызды бағыты қала мен оның шет аумақтарының мәселелері екенін еске салды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Қаланың шеткі аумақтары мен олардың дамуы елорда үшін өте өзекті. Президент елдің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ ірі қалалардың шеткі мәселелерін шешуге баса назар аудара отырып, «Құтты мекен» партиялық жобасын іске қосуды тапсырды. 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетте қаланың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға 174,5 млрд теңге, оның ішінде 2019 жылға – 77,1 млрд  теңге қарастырылған», – деді Б.Сұлтанов жиын барысында.

Кешенді жоспарды орындау мақсатында таяудағы 5 жылда ұзындығы 121 шақырым болатын автомобиль жолдарын салуға, жылу қуатын сағатына 1038 Гкал-ға және электр қуатын сағатына 120 МВт-қа ұлғайтуға,  ұзындығы 231 шақырымды құрайтын сумен жабдықтау және су бұру желілерімен қамтамасыз етуге, Көктал-1, Көктал-2, Теміржол, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарын табиғи газға қосуға, жалға берілетін баспана немесе несиелік баспана бағыты бойынша тұрғын үйдің 530 мың шаршы метрін немесе 9 мың пәтерді салуға, сондай-ақ қаланың шеткі аумағын одан әрі абаттандыруға мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109