1818

Қазақстандық әртістер чемпиондық белдікті сарапқа салады

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында қазақ күресінен «Өнер Барысы» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды, елорда әкімдігінің ресми сайты.

Чемпиондық белдікті жиырмаға жуық палуан сарапқа салады.

Олардың ішінде бірде бір кәсіпқой спортшы жоқ. Бірақ оларды бүкіл Қазақстан халқы таниды. Татамиге танымал әртістер мен музыканттар шығады.

Боз кілемде Қайрат Нұртас, Абай Аязбаев, Серік Ибрагимов, Мейіржан Төребаев, Амангелді Өтешов, Асылхан Төлепов, Артур Төлепов, Аян Өтепберген, Нұрлан Мұсаев, Еркебұлан Дайыров, Әлібек Серғалиев, Нұрболат Абдуллин, Ардак Байғабыл, Ғалым Махамбетов, Ақболат Өтебай, Сырымбет Бибосынов, Хамит Ердехан және басқалары белдеседі.

Жарыстың басты мақсаты – ұлттық спорт түрлерін, әсіресе қазақ күресін дамыту және дәріптеу, сондай-ақ жастарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Турнирді ұйымдастыруға Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы, Қазақ күресінен Қазақстан федерациясы, «Хабар» телеарнасы және «Айтыс- асыл мұра» қоғамдық қоры мұрындық болды.

Ережеге сәйкес, дүбірлі додаға 16-36 жас аралығындағы шығармашылық маман өкілдері қатыса алады.

Ақпан айының ортасында қатысуға ниет білдірген палуандар Алматыда оқу-жаттығу жиынынан өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109