10979

Кореяда өткен интеллектуалдық Олимпиадада елордалық мектептің оқушылары жақсы нәтижеге қол жеткізді

Оқушылар Тэджонда өткен халықаралық олимпиадада жақсы өнер көрсетті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Олимпиадада Астана қаласының әртүрлі мектептерінен 21 оқушы қатысты. Қатысушылар математика, биология, химия, экономика пәндері бойынша жұмыстарын таныстырды.

«Барлық оқушылар өз жұмыстарын ағылшын тілінде таныстырды. Біздің ең талантты балаларымыз осымен бесінші жыл Тэджон қаласында өнер көрсетуде», – деп бөлісті өз ойымен елорданың «Астана Дарыны» ғылыми-практикалық орталығының директоры Майра Құрманбаева.

Қатысушылардың айтуынша, осындай олимпиадалар өз жобаларын өзге елге таныстырып, сонымен қатар шетел тілдерін үйрену үшін жақсы мүмкіндік береді.

«Мен біздің еліміздің тарихы туралы жобаны көрсеттім. Осылайша, басқа елдерді біздің тарихымызбен, мәдениетімізбен таныстырамыз», – деді олимпиада қатысушыларының бірі.

Олимпиада қорытындысы бойынша  қатысушылар елімізге 3 алтын, 9 күміс және 9 қола медаль алып келді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109