1017

Астанада 678 мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналасты

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастырудың негізгі нысаны жұмыс орындарын квоталау болып табылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету мен кедергісіз ортаның қалай дамып келе жатқаны туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында айтып берді.

ҚР мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында 2017 жылы Астана әкімдігі қаладағы пандустардың жағдайына мониторингті толығымен аяқтады. 2012-2017 жылдар аралығында 1106 нысан паспортталды. Бүгінгі таңда 989 нысан ҚНжЕ-ге сәйкес келтірілді.

Қалған 117 нысанда халықтың әлсіз топтары үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгін қолжетімді нысандардың үлесі 89,4% құрайды. Ағымдағы жылы паспортталған нысандардың 100%-ын қамтамасыз ету жоспарланған.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін пандустар салынып, техникалық мүмкіндіктер арттырылып, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер жабдықталмақ.

Астана қаласының халқын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары аясында 2018 жылы 737 мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту қызметінің көмегімен 678 мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналастырылды.оның ішінде тұрақты жұмыспен – 385, әлеуметтік жұмыс орындарымен – 19, жастар тәжірибесіне аясындағы жұмыспен – 14, қоғамдық жұмыстармен – 260 адам қамтылды.

Мүмкіндігі шектеулі 59 қала тұрғыны кәсіптік оқытумен қамтылған. Олар шебер-шаштараз, электромонтер, тігінші, слесарь-сантехник, әкімші, кондитер, бақылаушы-кассир, наубайшы мамандықтары бойынша оқудан өтті.

Жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту үшін тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Есепті кезеңде сегіз бос орындар жәрмеңкесі және 15 шағын жәрмеңке өткізілді, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша мақсатты жәрмеңкелер өткізілді.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастырудың негізгі нысаны жұмыс орындарын квоталау болып табылады.

Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы «Астана қаласында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, ауыр жұмыстар мен зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарды есепке алмағанда, қызметкерлердің тізімдік санының 2-ден 4%-ға дейінгі мөлшерінде жұмыс орындарының квоталары белгіленді.

Меншік нысанына қарамастан, барлық ұйымдар квоталауға жатады.

Инватакси қызметін қазіргі уақытта 23 арнайы жабдықталған көлік құралы ұсынады, ағымдағы жылы осындай автомобильдердің санын ұлғайту жоспарланып отыр.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүмкіндіктері шектеулі адамдар кресло-арбалар, протездік-ортопедиялық бұйымдар, сурдотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдармен, санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтері көрсетіледі: сөйлеу процессорын кохлеарлық импланттарға ауыстыру жөніндегі қызметтер көрсетіледі, мүгедек балалары бар отбасыларға үйде оқытуға жұмсалған шығындар өтеледі. Оңалту құралдарымен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер мүмкіндігі шектеулі астаналықтардың өтініштері бойынша толық көлемде орындалады.

Басқарма үкіметтік емес ұйымдармен, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен тұрақты негізде ынтымақтасады. Аталған бірлестіктердің өкілдері қала әкімдігі жанындағы мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесіне енгізілген. Осылайша, олар өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша ұсыныстарын жолдай алады.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109