3065

Астанада 9 мыңға тарта құдыққа «ұстағыш торлар» орнатылды

Ерекше бақылауға алынған аталмыш бағыттағы жұмыс жалғастырылуда, деп мәлімдеді қала әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың тапсырмасы бойынша қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында қала әкімшілігі мен коммуналдық қызметтер құдықтарға «ұстағыш торларды» орнату жұмыстарын өткізуде.

«Бүгінгі таңда Астанада 101 мыңнан астам құдық бар.  Оның 9 мыңға жуығына осындай торлар орнатылған. Полиция департаменті металл қабылдау пунктерін тексеру шараларын жүргізді. Нәтижесінде 118 металл қабылдау орнының 46-сының қызметі тоқтатылды», – деп мәлімдеді Астана әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек дүйсенбіде әкімдікте өткен отырыста .

Ол осы бағыттағы жұмыстардың жалғасатындығын алға тартып, мәселенің ерекше бақылауда тұрғандығын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Арман Тұрлыбектің айтуынша, қаладағы тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының барлығы қазіргі таңда штаттық режимде жұмыс істеуде. Электр қуатымен, сумен жабдықтау кезінде болған ажыратуларды қаланың коммуналдық мекемелері уақытында жойған.

Бұдан бөлек, елорда әкімінің орынбасары қаланы қардан тазарту шараларының барысы туралы айтып берді.

«Қарды жинау жұмыстары жалғасып жатыр. Алайда аудандық әкімдіктер бүгінгі таңда мердігерлік компанияларды толығымен анықтамаған. Бұл өз кезегінде қар тазалаудың сапасы мен жылдамдығына әсер етеді. Бұл жалпы су тасқыны жағдайына теріс әсер етуі мүмкін», – деді Тұрлыбек.

Осы ретте ол Б. Сұлтановтан аудан әкімдеріне заңнамаға сәйкес тендерлік процедураларды жүргізуге және қала аумағынан қарды шығару бойынша жедел жұмысты жүзеге асыруға қатысты тапсырма беруін сұрады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109