3482

Астана әкімдігінде әлеуметтік әлсіз отбасылардың цифрлы деректер қоры құрылды

Бүгінгі таңда дерек қор базасында 10 095 отбасы тіркелген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың айтуына қарағанда, бұл әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласының цифрландыру бөлігі. Аталмыш дерек қор қала әкімдігіне көмекке мұқтаж отбасылар және оның қажеттіліктері туралы ақпаратты біліп отыруға мүмкіндік береді және атаулы әлеуметтік көмекті неғұрлым тиімді көрсетуге сеп болады.

«Біз бұл дерек қорына 32 ақпараттық дереккөзді топтастырдық. Біз мемлекеттік және жеке базаларды біріктірдік. Ол ақпараттар дереккөз базасын толықтырып бізге әр отбасы туралы толық мәлімет береді», – деді әкімнің орынбасары.   

Малика Бектұрованың айтуынша, дереккөз қорында ақпаратты іріктеуге болады. Онда атаулы әлеуметтік көмек алуға болатын көпбалалы отбасылар, аз қамтылған отбасылар және отбасында мүгедек жан бар отбасылар туралы ақпарат көрсетіледі. Айдың басынан бастап бұл базаны жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері, аудандық әкімдіктер, мектеп, полиция учаскелік инспекторлары пайдалануда.

«Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының, аудандық әкімдіктер, мектеп қызметкерлері, полицияның учаскелік инспекторлары отбасы мүшесінің кез келгенінің ЖСН енгізіп, балалардың ата-анасы қайда жұмыс істейді, балалар қайда оқиды, отбасы қандай жәрдемақы алады, қандай мүлік иеленеді, олардың тұрғын үй жағдайының қандай екендігіне қатысты толық ақпарат алады. Бұл қалалық әкімдікке қай отбасының қандай көмекке мұқтаж екендігіне қатысты нақты ақпаратты көруге мүмкіндік береді. Бұл база үнемі толықтырылып отырады. Біз көмбалалы, аз қамтылған отбасылармен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін қосымша әзірледік. Әр қызметкер белгілі бір отбасыға қатысты ақпаратты толықтыра алады», – деп түсіндірді Малика Бектұрова.  

Базада отбасының қазіргі қажеттіліктері және ол мәселелер қалай шешіліп жатқаны да көрсетіледі.

Егер үй пешпен жылытылатын болса, ол үйде улы газ датчиктері орнатылмаса, біз датчиктер орнатамыз. Біз балалармен әлеуметтік педагог жұмыс жасай ма, олар өздеріне бағытталған кеңсе заттарын ала ма, бала мектепке дайын ба осының бәрін анық білетін боламыз. Біз олардың өздеріне тиесілі көмекті алдып отыр ма, жоқ па және азаматтардың жеке өтініш-шағымын көріп отыратын боламыз. Мысалы, ол адам жергілікті атқарушы органдарға өтініш немесе арыз жазды ма, жазса ол қалай шешілуде? Осының бәрін қадағалап отырамыз»,  – деді әкімнің орынбасары.   

Малика Бектұрованың айтуынша, бүгінгі таңда дерек қор базасында 10 095 отбасы тіркелген.

«Астанада көші-қон процесі қарқынды болғандықтан, біз жоғарыда аталған базаға барлығын жинадық деп айта алмаймыз. Сол себепті де база әр қашан толықтырылып отырады. Әлеуметтік осал отбасылармен жұмыс жасайтын қызметкерлер әлеуметтік жағдайы нашар басқа да отбасы туралы жазба қалдыруына мүмкіндігі бар. Біз дереккөз базасын кеңейтуді ойластырып отырмыз. Біріншіден, ол әкімдікке қажет, әкімдік кіммен жұмыс жасап жатқанын, қандай мәселелер барын, оларды қалай шешу керектігін білуіміз қажет», – деп түйіндеді сөзін ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109